ЕСКІ ҮЙГЕ ЖӨНДЕУ ҚАЖЕТ

12:34, 22 ақпан 2021

Көне үйге күрделі жөндеу қажет. Кеншілер шаһарында 60 жыл бұрын бой көтерген тұрғын үйдің әбден тозығы жеткен. Енді тұрғындар баспананы тым құрымаса, бір қабат қалыпқа келтірсе игі деп отыр. Ал, бұл жөнінде атқарушы орган не дейді? Санаға салмақ салатын сұрақтың жауабын тілшіміз Аягөз Серікқызы біліп көрді

Сәтбаев көшесінің бойынан орын тепкен екі қабатты мына үй сонау 1958 жылы бой көтерген. Қасбетін соңғы рет 15 жыл бұрын жаңартыпты. Содан бері күрделі жөндеу түгіл, үй сырты тіпті әктелмеген де. Бояуы ескіріп, қабырғасы әр жерінен үгіліп жатыр. Көне үйдің тұрғындарының басым көпшілігі зейнеткерлер. Қариялар бұған дейін билік басындағыларға мұңын жеткізуге тырысыпты. Алайда әзірге бұдан еш нәтиже жоқ.

Юрий НЕСТЕРЕНКО, қала тұрғыны:

- Қабырғаның сыйқы осы. Өңі әбден қашып біткен. Қарапайым ақтау жұмыстары да жүргізілмей тұр. Үйдің іші де мәз емес. Көше жаққа  қарап тұрған мына бір тұсын әкімшіліктен келіп тексерер кезде көзбаяшылық жасап бояп қойды. Одан кейін басталған жұмысты соңына жеткізу үшін ешкім де келген жоқ.

Тұрғындар қасбетті алдағы көктемнен қалдырмай жөндеу қажет деп отыр. Қос қабатты үйді  көне ғимарат ретінде архитектуралық құндылыққа да айналдыруға болады – дейді мұндағылар. Бұған үйдің орталыққа, Бұқар Жырау даңғылы мен әйгілі «Шахтер» стадионына жақын орналасқаны да оң әсер етпек. Осы жөнінде бұқара әкімшілікке хат жазып, өтініштерін жеткізіп көріпті. Әкімнің берген жауабы мынадай:

Нұрлан РЫСТИН,  Қазыбек би атындағы  аудан әкімі:

- Мәселені шешудің екі жолы бар. біріншісі – «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржы бөлгенін күту. Екіншісі – жаңғырту орталығының көмегіне жүгіну. Не дегенмен де екеуі де біраз уақытты талап етеді, күту қажет. Тұрғындардың хаты жетті, әрине аталмыш сұрақты шешу жолдарын қарастырамыз. Жоспар бар.

Аудан басшылығы аталмыш проблема наурыз айының соңына дейін шешім табады деп сендірді.Қысқасы жұртты алаңдатқан мәселенің біржақты етілуі уақыттың еншісінде –дейді, жергілікті билік өкілдері.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
12:35, 5 наурыз 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...