ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЖӨНДЕУГЕ ҚАРАЖАТ ЖОҚ

15:53, 23 қыркүйек 2021

Осы жылы қаладағы саябақтарға 1 млрд-тан астам қаржы бөлінген. Ал ескерткішті қалыпқа келтіруге қаржы қарастырылмаған. Қарағанды қаласы мәслихат депутаттары кезекті отырыста осы мәселені талқылады

Қала саябақтарын абаттандыру және оны күтіп ұстау жұмыстарының қалай жүріп жатқаны халық қалаулыларының назарында. Осы мәселе бойынша Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Баян Нұртаева баяндама жасады. Ол ағымдағы жылы қаржыландыру жоспарына сәйкес 1 миллиард 165 миллион 353 мың теңге бөлінгенін айтты.

Баян НҰРТАЕВА, Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

-Қаланың бес саябағының қызметін қамтамасыз етуге және оның аумағын абаттандыруға 161 миллион 852 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде: Мәңгілік алау мемориалына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 9 миллион 172 мың теңге, орталық саябақты жарықтандыруға 45 миллион 454 мың теңге бөлінді. Мұз айдынын, мұз мүсіндерін және барлық саябақтарды безендіруге 62 миллион 652 мың теңге және басқа да қаражат жоспарланған.

Қарағанды әкімінің тапсырмасы бойынша Урбанистика орталығы Орталық саябақты дамыту тұжырымдамасын әзірледі.

Шыңғыс ҚАСЫМОВ,  Қарағанды қаласының урбанистика орталығының басшысы:

-Тұжырымдамада орталық парктің сауда, балалар ойын – сауығы, жаяу серуендеуге арналған "тыныш аймақ" және тағы басқа аймақтарға бөлінуі қарастырылған.

Депутаттар тарихи-мәдени мұра нысандарының жай-күйін де қарастырды. Бүгінгі таңда облыс орталығының аумағында 88 ескерткіш орналасқан. Оның 42-сі жергілікті, ал біреуі-республикалық. Ол Нүркен Әбдіровтің ескерткіші. Тұғырлардың бір бөлігі бүгінде жөндеуді қажет етеді, аумақтарын абаттандыру қажет.

Төлеген ӘШІМОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Бұл ғарышкерлерге арналған ескерткіш. Фото жақында жасалды. Ал мынау - Абай ескерткіші. Барлық жерде плиткалардың проблемалары бар. Плиталарды бекіту туралы ойлану керек шығар.

Нұрлан РЫСТИН, Қазыбек би атындағы аудан әкімі:

-Төлеген Мұқатайұлы, ескерткіштердің фотосуреттері бұрыннан жасалған сияқты. Мен осы жерде атап өткім келеді. Біз бүгінгі күні тұғырларды жөндеу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірақ бұл жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында.

Халық қалаулылары Қарағандының тарихи-мәдени мұра нысандарын қалпына келтіру қажет дейді. Осы мақсатта депутаттар жергілікті атқарушы органдарға өтініш білдіреді.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...