ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

14:00, 15 ақпан 2021

Қарағанды облысында көктемгі әскери науқанға шақырту басталды. Дәстүр бойынша жасы 17 жасқа толғандар сарбаз атануы тиіс. Отан алдындағы борышын өтеуге ниет танытқандарды іріктеу қалай жүреді? Ал, әскери оқу орынына түсудің қағидалары қандай? Бұл мәселелер баспасөз брифингінде кеңінен қамтылды

Биыл 2004 жылы туған бозбалалар әскер қатарына қосылып, сарбаз атанады. Шақыру бөлімдерінде алдымен олардың білім деңгейі, физикалық дайындығы мен денсаулығын сараптау жіті қадағаланады.

Рустам ЖАЛБИНОВ, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:

-Эпидемиологиялық жағдайда азаматтарды шақыруды іске асыру  үшін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті  коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы іс қимыл бойынша барлық қажетті шаралады қабылдады. Облыстық жинау пунктінде байланыссыз термометрді қолдана отырып, әскерге шақырушылардың дене температурасын өлшеу үшін арнайы бақылау бекеті ұйымдастырылды.

Ал, әскери оқу орынына түсу үшін қойылатын талаптар мынадай.  Алдымен 22 жастан аспауы керек. Егер әскери  борышты өткеріп келсе, 24 жастан аспасаңыз және келісімшарт бойынша қызметте жүрсеңіз, онда 25 жасқа дейін оқуға түсуге  мүмкіндік бар. Медициналық тексеріс те әскери бөлімдердегідей жүзеге асады. Аталған міндет оқу бөлімінің құзырында. Тағы бір маңызды қағидасы, ҰБТ-ді сәтті тапсырып, жақсы ұпайға ие болу. Үміткер  5 пән бойынша кемінде 50 балл жинауы керек. Оның ішінде математикадан 7 балл, ал қалған пәндерден  ең аз дегені 4  ұпай болуы шарт. 

Рустам ЖАЛБИНОВ, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:

-Азаматтарды тіркеу 2021 жылғы 11 қаңтар мен  30 наурыз аралығында жүргізіледі.  Енді бізде Қарағанды облысы бойынша 7600 адам  тіркеу учаскесіне тіркеледі биыл. Қазіргі таңда 5900 адам  тіркеу учаскесіне тіркелді.

Аймақта көктемгі әскери науқанға 1300  азамат  шақырылады деп жоспарланған.  Ал, 1400 шамасындағы сарбаз отан алдындағы борыштарын өтеп келеді.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...