ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ

16:44, 5 ақпан 2021

Бұқар Жырау ауданының әкімі Шагурашид Мамалинов аудан жұртшылығы алдында есеп беріп, бұқараны толғандырған сауалдарға жауап берді. Тікелей диалог орнатудың бұл жолғы тәртібі де өзгерек. Карантинге байланысты есеп беру жиыны онлайн форматта өрбіді

Халық алдындағы есеп,  халықсыз өтуде.   Биылғы маңызды шара карантиндік талаптарға сай осындай форматта өтті. Аудан әкімі  атқарған жұмысын  зум қосымшасы және  барлық әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өткізді.   Өңір басшысы  барлық сала бойынша атқарылған жұмыстардыңм қортынды есебін ұсынды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Бұқар Жырау ауданында өндірілетін өнімнің көлемі  2,5%-ға өскен. Кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы сомасы 33,6 миллиард теңге болатын 11 жоба енгізілген. Сонымен қатар  агроөнеркәсіп кешендері мен ауылшаруашылық саласындағы қолдауларға да тоқталып өтті.

Шагурашид МАМАЛИНОВ, Бұқар Жырау ауданының әкімі:

-  Жылқы басы -7% – ға артты. Ірі қара малдың басы  7,6%-ға, қой мен ешкі 12,2%ға,  ІҚМ табынын тұқымдық асылдандыруга -170 ШҚ немесе -16 мың бас аналық мал қатысады, бұл – 42,4% Жалпы сомасы -394 млн.тг- ге (6 шаруашылық) -358 бас асыл тұқымды мал сатып алынды.

Шагурарашид Мамалинов жастар саясаты бағытындағы атқарылған істерге тоқталып өтті. Аудан әкімінің грантына  қазынадан -45 млн. тг. бөлініп, 70- грант иегері анықталды. Ауылдық округтер мен кенттерде волонтерлік қозғалысты дамыту шаралары да үздіксіз ұйымдастырылып келеді.  Ал  жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы шеңберінде 29 инфрақұрылымдық жоба қолдау тапқан.

Шагурашид МАМАЛИНОВ, Бұқар Жырау ауданының әкімі:

-379 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы -186 адам жұмысқа орналастырылды. 12 мыңнан астам адам «-42 500 тг» (500 млн.теңгеден астам) әлеуметтік төлем алды. Атаулы әлеуметтік көмекті -2062 адам алды. (АӘК -162,0 млн. тг) -397 отбасы кепілдендірілген әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етілді.

Тұрғындар тарапынан  түскен сауалдардардың дені үй құрылысы, жол сапасы, ауыз су мәселелері. Жергілікті жұртшылық шағымдарымен түрлі өтініш тілектерін  жеткізіп жатты.   Шалғайдағы елді-мекендерді ғаламтор желісімен қамтамасыз ету де халық сұранысындағы мәселелердің бірі болды. 

Шагурашид Мамалинов  әрбір сұраққа тұшымды жауап беріп, түйіткілді мәселелердің түйіні шешілетінін жеткізді.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...