ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА – ЖАҢА МҮМКІНДІК

12:21, 23 қыркүйек 2021

Теміртау қаласындағы «Жаңа күн» қоғамдық бірлестігі ерекше балаларға жаңа мүмкіндік жасауда. Енді ақыл-есінің кінәраты бар балғындарға психолог, логопед мамандар тегін сабақ жүргізеді

Бұл орталық осыдан 3 жыл бұрын ашылған. Бастаманы ата-аналар өздері қолға алған. Мұнда қазір ақыл-ойы мен физикалық дамуы төмен балалар келіп, жан-жақты сабақ алады. Ал өткен жылы мемлекеттік бағдарлама аясында «жаңа күн» қоғамдық бірлестігі балғындарға арнап, оңалту бөлмелерін ашты.

Әлия БАЙМҰРЗИНА,  "Жаңа күн" қоғамдық бірлестігінің  төрайымы:

-Бізде ерекше балаларды дамытуға арналған түрлі кабинеттер бар. Логопед, психологтар тегін сабақ жүргізеді. Басқа жерлерде ақылы орталықтар бар. Сол себепті кейбір балалар үйде отырады. Біз соларды ескеріп, осындай жобаны қолға алдық.

Өткен жылы орталыққа «Арселор Миталл Теміртау» команиясы демеушілік жасап, мамандарға жаңа кабинеттер ашуға көмектесті. Қазіргі кезде бұл жерде 70-ке жуық отбасының балалары келеді.

Ал қызмет ететін мамандардың барлығы тәжірибелі. Орталықтың басты ерекшелігі, мұндағы мұғалімдердің өз балалары да осында келеді екен. Мысалы, Арай Түсіпбекова ұйымда ашылған сәттен бастап жұмыс істейді. Баласының  есту қабілеті нашар. Мамандығы дефектолог.

Арай ТҮСІПБЕКОВА,  педагог-дефектолог:

-Біз жағдайдың қандай екенін тереңінен түсінеміз. Бұл жердегі балаларға ерекше күтім қажет. Менің дефектолог үшінші мамандығым. Бұл мамандықты оқуыма баламның денсаулығы себеп болды. Оның құлағының есту қабілеті төмендігін білгенде, балама қалай да тіреу боламын деп шештім. Мен бұл жердегі барлық аналарға көмектескім келеді. Олардың балаларына қамқорлық жасау арқылы-көздерінен қуанышты көремін.

Сондай-ақ, кішкентайлар мен жасөспірімдер үшін де әртүрлі жаттығу залдары бар. Болашақта ұйым басшылығы оқушылардың сезімталдығын  дамыту үшін сенсорлық бөлме ашуды жоспарлап отыр.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...