ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА – ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

16:37, 9 шілде 2021

Ерекше, бірақ өте қажет сыйлық. Мұндай айрықша тосынсыйды "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы басшылары №5 арнайы мектеп-интернатының оқушыларына тарту етті. Әрі қарай біздің түсіру тобымыздан естіп білейік

Бұл Теміртаудағы сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №5 арнайы мектеп-интернаты. Бүгін мұнда  ірі кәсіпорынның басшылары барды. Бірақ, олар құр қол келген жоқ. Алпауыт компанияның жетекшілері өздерімен бірге оқушыларды Томатис әдісімен оқытуға негізделген жабдықты сыйға тартты. Дәл осындай сыйлықты  Қарағанды қаласындағы  №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті алған болатын. Аталған мекеменің өкілдері құрышты қаладағы  демеушілерге ақжарма алғысын айтты. 

Қаракөз ДҮСБАЕВА, №3 психологиялық-педагогикалық  түзету кабинетінің маманы:

-Біз үшін кез-келген демеушілік көмек өте маңызды. Өйткені біз жас ұйымбыз. Жұмыс істегенімізге 3 жылдың жүзі болды. Біз "Аяла" қайырымдылық қорына және "АрселорМиттал" компаниясына Томатис әдісі бойынша оқыту және осы жабдықты сатып алу бойынша демеушілік көмек көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Динара Мұратова, "Аяла" қайырымдылық қорының өкілі:

- Қорға осындай ірі демеушілермен ынтымақтастық орнату өте оңтайлы. Мен 2007 жылы құрылған "Аяла" қорының өкілімін. Біздің Қор Денсаулық сақтау және білім беру саласында жұмыс істейді.  Біздің негізгі қызметіміз - Қазақстандағы сәбилердің шетінеуі мен мүгедектігін азайту. Біздің "Ерекше балаларға - ерекше назар" жобамызды компанияның қолдағаны қуантады. Осы жоба аясында біз қазір Томатис сияқты маңызды жабдықты беруді жүзеге асырып жатырмыз.

Томатис әдісі - бұл миды ынталандырудың инновациялық әдісі. Яғни  жаттығу кезінде бала арнайы құлаққаптар арқылы музыка тыңдайды. Дыбыс құрылғы арқылы беріледі. Мысалы арнайы сүзгілер музыка дыбыстарын өзгертуге мүмкіндік береді. Бірақ, бала мұндай жазбаны тыңдағанда, оның құлағының бұлшықеттері кернеудің көмегі арқылы жаттығады.

-…Который направлен на стимуляцию коры головного мозга. Это очень полезно и красиво. Потому что стимуляция эта идёт через специально обработанную музыку Моцарта.

Виджай ГОЙЯЛ, "Арселор Миттал ТМД" Бас директоры:

-"АрселорМиттал Теміртау" - бұл біздің Қазақстандағы өкілдігіміз. Біз құраушы кәсіпорынбыз және азаматтар мен облыс алдындағы жауапкершілікті толық түсінеміз. COVID-19 пандемиясы кезінде әлеуметтік жобалардың көпшілігі коронавирусты науқастарды қолдауға бағытталған. Вирус әлі жойылмаса да, карантин  жағдайларында өмір сүруді үйрендік. Ірі компания ретінде қазір әлеуметтік жобаларымызды қайта іске қосып жатырмыз. Осы мектеппен және қормен бірлесіп жұмыс істеу өзіміз үшін зор мәртебе.

АрселорМиттал" компаниясының бірінші басшылары мектеп-интернаттың қызметімен және жетістіктерімен етене танысты. Мұнда мектеп алды даярлықтан бастап  оныншы сыныпқа дейінгі 150 бала оқиды. Осы күні оқушыларға тәтті сыйлықтар мен көптеген ойыншықтар таратылды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

                                                                        

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...