ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ

16:11, 7 шілде 2021

Балқаш қаласының кіреберісіне санитарлық бекет қойылмайды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге салсақ, бұған дейін Балқаш әкімдігінің инстаграм парақшасында жолаушылар мен тұрғындардың қалаға кіріп-шығуы үшін «ашық» жүйесі және арнайы бекеттегі тексерістен өткізетіндігі туралы ақпарат тараған болатын

Өткен тәулікте өңірде коронавирустық инфекцияның 395 жаңа жағдайы тіркелді. Ал, аурудан 255 адам бас көтерді. Қарағанды облысында жалпы коронавирустық инфекцияның 41 244 жағдайы расталды. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанғандар көрсеткіші 2762,6 құрап отыр. Оның ішінде симптомдары бар науқастар – 66,9%, ешбір ауру белгілері жоқ тасымалдаушылар – 33,1%.

Облыс бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны

Жұқтырған-395, емделіп шыққандар - 255

Қарағанды – 186 адам.

Теміртау - 59 адам.

Шахтинск – 40 адам.

Абай ауданы - 29 адам

Саран - 18 адам

Жезқазған - 11 адам

Сәтбаев – 11 адам

Балқаш - 2 адам

Қаражал - 1 адам

Бұқар жырау ауданы - 16 адам

Осакаров ауданы - 10 адам

Нұра ауданы - 5 адам

Жаңаарқа ауданы - 3 адам

Қарқаралы ауданы - 3 адам

Шет ауданы - 1 адам

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар