ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ӘНҰРАНЫМ – АЙБЫНЫМ

11:54, 4 маусым 2021

Нұра ауданының жұртшылығы мемлекеттік рәміздер күні ерекше бастаманы қолға алды. Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымының ұйытқы болуымен адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда жанды дауыста Әнұран шырқалды. Осылайша егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі мемлекеттік нышанға ерекше құрмет көрсетті. Патриоттық санаға серпіліс беретін игі бастамаға түсіру тобымыз да куә болып қайтты

Елдігіміздің нышандарының мәртебесін асқақтату мақсатында Нұра ауданындағы мәдениет үйінің қызметкерлері алғаш рет ілкімді жобаны бастады.  Мақсат - халыққа рух беру, елді жігерлендіру. Шығармашылық ұжым алдымен аудан орталығындағы сауда үйлерден бастады. Дүкендерге келушілер де шығармашылық ұжыммен бірлесіп, қолдарын жүрек тұсына қойып ерлікті, елдікті, еңбекті дәріптеген Әнұранды әуелете шырқады.

Рәбиға ҚҰТЖАНОВА, аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:

-Бұл бастаманы  тұрғындар өте жақсы қабылдады деп ойлаймын.  Өйткені барлық сауда орындарына барып орындаған кезде, халық бізді қолдап бірге гимнімізді шырқап, патриоттық сезімді және келешек ұрпаққа жеткізетіндей айттық деген ойдамын.

Ғалия Рахматуллина Нұра ауданының байырғы тұрғыны. Сауда үйіндегі ерекше шарада ол да көпшілікпен бірге гимнді зор ықыласпен, жігерлене орындағанын айтады. 

Ғалия РАХМАТУЛЛИНА,  Нұра ауданының тұрғыны:

-  Бүгін міне сауда жасауға келген күні теледидарға түсіп, Әнұранды орындадық. Әрние біз Қазақстанның адал азаматымыз. Сондықтан үлкен бір сезімде тұрмыз.  Қолымызды жүргемізге қойып тұрып айтқан Әнұран біз үшін үлкен мәртебе. 

Аталмыш іс-шара тек аудан орталығында ғана емес, оған қарасты барлық елді мекендерде де эстафета ретінде жалғасын табады. Нұра кенті ілкімді істі Мыңбаев ауылына жолдады. Рәміздер күніне арналған  мерекелік іс-шаралар мұнымен шектелмеді. Мәдениет үйінің қызметкерлері халыққа онлайн концерт ұйымдастырды. Өнер ұжымының  мерекелік бағдарламасы әлеуметтік желілер және орталық алаңдағы LED экран арқылы жұртшылық назарына ұсынылады.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар