ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ӘНҰРАН ШЫРҚАЙЫҚ

16:11, 4 маусым 2021

Теміртау қаласы жастар ресурстық орталығының ұжымы тұрғындарды әнұран шырқауға шақырды. Сондай-ақ сауалнама жүргізіп, мемлекеттік нышандар бойынша халық білімі тексерілді

Әнұранды теміртаулықтар жатқа білетіні анықталды. Камерадан қашқандар да болды. Патриоттық шараға белсене қатысып, дұрыс жауап бергендерге тәттілер үлестірілді. 

Айдын ЖҰМАГЕЛДИНОВ, Теміртау қаласы жастар ресурстық орталығының директоры:

- Бүгін Теміртау қаласында «Әнұран шырқайық» науқаны өткізіліп жатыр. Біз халықтан әнұран айтып беруін сұраймыз. Үзінді, шумақ, қайырма, айырмашылығы жоқ. Сол үшін біз тәтті шоколад береміз. Адамдар мемлекеттік рәміздерді, әнұранды білу керек. Қазақстан туын, елтаңбасын кім және қашан ойлап тапқанын білу маңызды.

Әнұраннан бөлек, мемлекетіміздің басқа да рәміздері, ту, елтаңба жайлы толық сұрақтар қойылды. Оның авторы кім және қашан шыққандығы туралы халық білімі сыналды. Бірқатар сауалға дұрыс жауап берген олар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіруде.

Ұжым бұл науқанмен тоқтамай, адамдар көп шоғырланған өзге де жерлерде өткізуді ойластырып отыр.

Айару ДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар