ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

15:31, 25 қараша 2021

Еңбек адамы елеусіз қалмайды. Жезқазған мыс балқыту зауытының электролизшісі Валерий Гаран «Қазақмыс» корпорациясында 38 жыл тапжылмай еңбек етіп келеді. Ол жұмыс барысында кездескен қызықтары мен қиындықтары жайлы Біздің "Еңбек адамы" айдарымызда айтып берді

Валерий Гаран Жезқазғанға 1974 жылы Ресей елінен отбасымен көшіп келді. Мысты шаһарда мектепті бітірген. Әскери борышын өтеп келген бойда электролиз зауытына жұмысқа орналасады. Содан бері 38 жыл өтсе де жалықпастан өндірісте еңбек етуде.

Валерий ГАРАН, Жезқазған мыс балқыту зауытының маманы:

-Ол кезде корпорация емес еді. Қазір технология жаңарған. Әлдеқайда оңайырақ. Біздің кезімізде жұмыскер жетіспейтін. Ол кезде ешкім тұрақты жұмыс істемейтін. Бір-екі ай жұмыс істеп кететін. Қазір жағдай өзгерді.

Валерий Гаран содан бері табан аудармай еңбек етуде. Кәсіпорын қазіргі кезде екінші үйіне айналғанын айтады. Әріптестірімен тәжірибе алмасып отырады. Жаңадан келетін жас мамандарға барынша қолдау көрсетуге тырысатынын жеткізді.

Валерий ГАРАН, Жезқазған мыс балқыту зауытының маманы :

-Бізде барлық жағдай жасалған. Тамақ барлығы тегін. Жұмыс істеймін деген жастар үшін еш кедергі жоқ. Білмегенін үйрететін мықты кадрлар бар.

Валерий Гаран бос уақытында отбасымен табиғат аясында демалғанды ұнатады. Оның айтуынша, өмірдегі басты құндылық жанұя бақыты.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...