ЕҢБЕК АДАМЫ

12:42, 22 ақпан 2021

Нұра ауданының Қантай ауылында кезінде сиыр сауудан рекорд орнатқан нәзікжан тұрады. 40 жыл еңбек өтілінде ауылдың қайнаған тірлігінің көшбасында жүрген. Қыр еңбеккері облыстық депутаттықтан Қазақ ССР депутаттығына дейін көтерілген. Озат сауыншымен әріптесім Гүлбақша Ақажанова тілдесіп қайтты

Ғалия Балтабайқызы өмірінің басым бөлігін ауылшаруашылық саласына арнаған. Жастайынан әке-шешеден ерте жетім қалып, еңбек жолын  17 жасында сауыншы болып бастайды. Күніне 30-дан астам сиыр сауатын    санаулы саңлақтар қатарынан табылған. Тіпті бір сиырдан бір дегенде 350 литр сүт алып рекорд орнатқан екен. Жаңа бұзаулаған асау құнажындарды тіз қатар тұрғызып, үйретіп беру міндеті де қаршадай қызға міндеттелген.

Ғалия ЖҰМАШЕВА, "Еңбек Қызыл Ту" орденінің иегері:

Балбармақ  сауыншыны 1972 жылы Қарағанды облысының  депутаты етіп сайлайды. Бұл мандатта еңбеккерлер тұрмысын жақсартып, мүддесін  шешуге күш жұмсай білген. Бұқараның сенімі оны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутатына дейін сайлайды. Ел мүддесін қорғаудағы оның қалдырған ізі әр ауылда мәңгілікке сайрап жатыр. Атап айтсақ, халық қалаулысы ретінде Қайнар ауылына жол салдырған, Көбетей, Чкалов ауылдарында мәнениет үйінің бой көтеруіне себепкер болған.

Ғалия ЖҰМАШЕВА, "Еңбек Қызыл Ту" орденінің иегері:

Ғалия апа қазір де сол Қантай ауылында тұрады. 76 жастан  асса да әлі де тың. Қол қусырып отыра алмайды, бұрынғы әдетімен үй тірлігін өзі иіріп әкетеді. Өмірлік серігі Социал Жұмашев екеуі бір қызды тәрбиелеп өсірген. Қалтқысыз қызметі назардан тыс қалмады. Ол Қазақ КСР ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкер,  "Еңбек Қызыл Ту" және Ленин ордендерінің иегері. Бастысы ауылдағы ағайын арасында дархан даланың дарабозы атанды.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...