ӘН ҚАНАТЫНДАҒЫ ҒҰМЫР

10:56, 19 ақпан 2021

Дәстүрлі өнер дүлдүлі әнші Мейірхан Адамбековтің құрметіне жаңа кітапша жарық көрді. Туындыны Уатхан Захан есімді арқа өнерінің биігінде болған Мейірхан Адамбековтің өз шәкірті дайындаған

Игі жақсылардың басы қосылған тағылымды кеште тұсауы кесілген жаңа туынды авторы Алматыдан арнайы келген Уатхан Заханқызы. Кітапша 300 дана болып оқырман қауымға ұсынылып отыр. Әнші Уатхан Заханқызы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М.Адамбековтің осыдан 18 жыл бүрынғы шәкірті. Ұстазға деген құрметі мен шәкірттік парызын ол осы бір кітапша арқылы жеткізуді жөн көрген.

Уатхан ЗАХАН,  туынды авторы, М.Адамбековтің шәкірті:

-Жұдырықтай жүрегімнен, ұстазыма деген сағыныш, құрметімді осы кітапша арқылы жеткізуді жөн көрдім. Менің өнер жолымда әнші ағамыздың еңбегі ерекше. Туындымды жаңадан басылып шыққан бойда халыққа жеткізгім келді. Сәті түсіп, міне тұсаукесері өтуде. Қарағанды жұртшылығы кітапты асқан зор қуанышпен қарсы алды.

Тағылымды кеште М.Адамбековтің өнерге жанашырлығы мен дәстүрлі әнді төрге сүйреудегі ерен еңбегі айтылды. Әншінің жеке шығармасынан құлақ құрышын қандыратын әндері де төгілді.

Алданыш АДАМБЕКОВ,    М.Адамбековтің ұлы:

-Менің әкеме деген құрмет біздің көңілімізді бір серпілтіп тастайды. Оның есімін есте сақтап, әрдайым көпшіліктің еске алуы біздің әке алдындағы құрметімізді одан әрі арттырады. Оның әндері, қалдырған, берген тәрбиесі бізді тура жолдан адастырмасы анық.

Рухани кеште облыстық мәдениет басқармасы өкілдері мен кітапхана қызметкерлері қатысып, шәкірттің ұстазға деген құрметін ізгілікке балады. Марқұм М.Адамбековпен әріптес, дос болған Жақсыкелді Кемалов Алматы өңірінде жүрсе де өнерге бас иіп, әнші өмірін кітапқа түсірген Уатхан Заханқызына ыстық лебізін білдірді.

Жақсыгелді КЕМАЛОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

-Бұл енді ұстазға деген үлкен құрмет. Өкінішке қарай, Мейірхан Сәйдіұлы арамыздан кетіп қалды. Алайда, осындай шәкірттері барда, елі бар да Мәкең ешқашанда ұмытылмайды. Оның дәстүрлі әнге деген құрметі мен еңбегі өз биігінде қала береді. Шын ниетін осылайша білдіріп отырған қарындасымызға еңбегің жансын дегім келеді.

Бұл жаңа туынды арқа өнерінің жанашыры, дәстүрлі әннің қалыптасуына айрықша үлес қосқан М.Адамбековтің құрметіне арналған игі шаралардың бастамасы ғана. Карантиндік талапқа сай кітапша тұсаукесеріне санаулы адам ғана жиылды. Алдағы уақытта, эпиджағдай толықтай қалыпқа келген соң әншіге том-том кітап пен деректі фильмдер, ауқымы үлкен облыстық, республикалық байқаулар ұйымдастырылып, ескерткіш тасы қойылмақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...