ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯДАН ҮМІТ КӨП

15:19, 8 қыркүйек 2021

Малайзиялық компания Қарағандыда 700 орындық мектеп салмақ. Бұл бастама Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дата Сайед Мохамад Бакримен кездесуінде белгілі болды

Қарағанды қаласында 700 оқушыға арналған жеке заманауи мектептің құрылысы 2022 жылдың көктемінде басталады деп жоспарлануда. Жаңа оқу орны Оңтүстік-Шығыста, «Таугүл» шағын ауданында салынады. Инвестор Малайзиядан келген King Development компаниясы болады.

Шыңғыс АХАНОВ,  «King Developmen» ЖШС Бас директорының орынбасары:

– Оқыту фин әдістемесі бойынша өтеді. Бұл оқытудың стандартты жүйесі емес, ол сыни ойлауды дамытуға бағытталған. Жергілікті мұғалімдер сабақ береді. Олар сингапурлық және фин мамандарынан тағылымдамадан өтеді. Біз үлкен жоспарлар құрып отырмыз – әр облыс орталығында жекеменшік мектеп салғымыз келеді.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек малайзиялық инвестор қолдауымен жүзеге асатын нысан құрылысы мерзімі мен жоспарын талқылады. Болашақ мектеп 0-ден 11-ші сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған. Оқу ордасында кіші жастағы мектеп оқушылары мен үлкендерге арналған бөлек корпустар, үлкен спорт алаңы салынады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,   Қарағанды облысының әкімі:

– Қарағандыда мектептерге деген қажеттілік жоғары.  Қаланың әртүрлі аймақтарында жеті мектеп қажет. Бірақ сіздер құрып жатқан сегмент бізде жоқ. Сондықтан біз жобаны іске асыру кезінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз.

Ғимарат бой көтерген соң мектепте – қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылады. Фин оқыту әдістемесі негізге алынбақ. Ал, дарынды балалар үшін мемлекеттік гранттар қарастырылған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...