ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ КӨШБАСЫНДА

12:34, 13 қаңтар 2022

Қарағандылық спортшылар үстел теннисінен үздіктер қатарынан көрінді. Әлем чемпионы Алан Құрманғалиевтің бағы жанып, тағы да әлемдік рейтингте бірінші орын алды. Ал, спортшы Зәуреш Ақашева Қазақстан құрамасына енді. Олардың бұл жетістіктері жайлы тілші тарқатады.

Алан Құрманғалиев небәрі 15 жаста. Спортта жоғары жетістіктер көрсетіп, ел намысын қорғап жүргендердің бірі. Ол бірнеше рет түрлі жарыстарда жеңіске жетті. Осы жолы халықаралық үстел теннисі федерациясының ай сайынғы белгіленетін топ тізіміне еніп, әлемдік рейтингте бірінші орын алғаны белгілі болды.  

Алан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

–Спортшыға ең басты қасиет – еріншек болмай,  еңбекқорлық шыдамдылық және төзімділік қажет.  Ешқашан берілмеу керек. Мықты спортшы екеніңді дәлелдеу қажет.

Споршы Зәуреш Ақашева өткен жылғы карантин шектеулері салдарынан кейбір жарыстарға қатыса алмады. Жаңа жыл қарсаңында қарағандылық қыз Алматыда өткен ТОП-12 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл үстел теннисінен еліміздің ұлттық құрамасына іріктеудің маңызды кезеңі болды.

Зәуреш АҚАШЕВА, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

-Бізге демеушілік жасап, жақсы болды. Нәтижемізді жақсартуға және халықаралық аренада көрсетуге көмектесетін жаттықтырушыларымызға, басшылығымызға алғысымды білдіремін.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Қарағанды ​​облысында үстел теннисі қарқынды дамып келеді. Облыс орталығында халықаралық стандартқа сай заманауи кешен салынды. Жас спортшылардың жетістікке жетуіне ол зор қолдау болды.

Наталья ТЕМІРБАЕВА, дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары нәтижелі спорт түрлері және спорттық резерв бөлімінің жетекшісі:

-Әрине, бізде спортқа мемлекеттік қолдау зор. Бұл ең алдымен оқу-жаттығу жиындарына, барлық республикалық, халықаралық жарыстарға қатысу, материалдық ынталандыру, және басшылықтың зор қолдауы болып табылады.  

Айта кетерлігі, өткен жылы облыста түрлі байрақты бәскелер өтіп, оған шетелдік қонақтар да қатысты. Олар шаһарымызда салынған үстел теннисі спорт нысанын жоғары бағалады.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

16:30, 18 мамыр 2022
МАЛДЫ БАҚСАҢ ҚОЙДЫ БАҚ, МАЙ КЕТПЕЙДІ ШАРАДАН
Толығырақ...
16:29, 18 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ - ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар