ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС

11:53, 3 шілде 2021

Бүгінгі таңда Қарағандыда электр желілерін пайдалану ережелерін бұзудың көптеген фактілері бар. Олар адамдарды қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. Депутаттар қаланың қауіпті учаскелері бойынша комиссиялық тексеріс жүргізді

-  Бұл 30 см-дегі металл қорғанысы болуы керек. Бұл сым желісі өте қауіпті түрдегі кабель болмауы керек.

Майқұдықтағы әлеуметтік павильонның жанында екі адамның тоқ соғып қаза болғаны көпшілікті алаңдатып отыр. Сондықтан Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары электр желілерінің бүгінгі жағдайын тексере бастады. Халық қалаулылары қаланың басты көшелеріне шығып, жеке сектор тұрғындарымен кездесті.

- Система ненадежная. Она все время отключается. замыкает. Большие потери электроэнергии. Потери дикие. Любой ребенок может подпрыгнуть и достать до провода.

Депутаттар Михайловкадағы Бәженов көшесінде де болды. Мұнда №140 үйдің тұрғыны электр қуатының аздығына шағымданды.  «Қарағанды Жарық» компаниясының  мамандары бірнеше рет келген, бірақ еш нәтиже шығара алмаған.

Наталья СИРКАЕВА, Бәженов көшесіндегі  №140 үйдің тұрғыны:

- «Қарағанды Жарық» компаниясына арыз жаздық. Олар келді, бірақ нәтиже шығармады. Тоңазытқыш және басқа да тұрмыстық техникаға тоқ жеткіліксіз беріледі. Электрмен жабдықтау мүлдем нашар.

Халық қалаулыларының пікірінше бұл ауданда жаңа бағаналар орнату қажет екен. Электр сымдарын жоғары тартып, жоспарлы түрде ауыстыру қажет, дейді олар.

Тимур РАЙЫМБЕКОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Кеңес заманынан бері ағаш бағаналар бар. Қазір олар сымдарға тиіп тұр. Бұл қауіпті! Найзағай ойнаса бәрі жанып, өрт шығуы мүмкін. Оның үстіне, екі жыл бұрын бұл жерде өрт оқиғасы тіркелген екен.

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары Крылов көшесіне де барды. Тұрғындар оралмай, жалаңаш қалған сымдардың қауіптілігін айтып шағымданды. Жергілікті халық  бұл мәселе жайлы мердігерлер мен жергілікті билікті бірнеше рет құлақтандырған.

Сергей ЕРЕМИН, Крылов көшесіндегі №44 үйдің тұрғыны:

-Олар жерді қазды. Ауланы абаттандырған  болды. Ауланың айналасында не болып жатқанын қараңыздар. Біріншіден жел тұрса сымдар бір-біріне жабысып қалады. Бұл балалар үшін қауіпті. Олар ашық    қолдарымен ұстайды. Бұл өте қауіпті.

 Халық қалаулылары тозығы жеткен бағаналардың жай-күйіне қарап, әр жерде техникалық заң бұзушылықтарды байқады. 

Төлеген ӘШІМОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Бізбен бірге Энерго бақылу мамандары да болды. Олар заң бұзушылықтар бар екенін растады. Әсіресе электр қондырғыларын орнату ережелеріне қатысты олқылықтар орын алған.

Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары өз ұсыныстарын өкілетті органдарға жіберетін болды. Қаладағы электр желілеріндегі барлық кемшіліктерді жою қажет, дейді депутаттар

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...