ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕЛДІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ!

17:08, 4 маусым 2021

Мемлекеттік рәміздер күнінде Саран қаласында мотошеру ұйымдастырылды. Мотожүргізушілер Ақтас кентінің көшелерімен де жүріп өтті

Саран қаласындағы мерекелік шара флешмобпен ашылды. Жастар ресурстық орталығының мамандары мен студенттер  барлығына белсене араласты.

Медециналық бетперде мен резеңке қолғап. Бұнда да сақтық шаралары ұмыт қалмады. Жиналғандар қолдарын кеудеге басып, әнұран шырқады.

Сәнді МУСТАФИНА, жастар ресурстық орталығының басшысы:

7 автокөлік, 3 мотоцикл. Елдігіміздің айғағындай көк байрақ көліктердің әйнегінен желбіреп кетіп бара жатты. Мерекелік шеруге әрі бері өткен тұрғындар да қосылып, темір тұлпарларының дабылын қосты. 

Бұндай шеру жыл сайын өтеді. Ұйымдастырушылар биыл да дәстүрден жаңылмады.

Алексей ТЕЛЬМАХОВ, қатысушы:

- Мен өз қаламның, өз елімнің патриотымын. Мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай авто-мотошеруге қуана қатыстым. Бұл патриоттық рухты көтеру шарасы. Қатыса алмағандар үйлеріне мемлекеттік рәміздерді іліп қойды.

Шеру Ақтасқа бет алды. Сарандағы мерекелік шағын көш Достық үйінің алдында аяқталды.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар