ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ – ЕЛДІКТІҢ АРҚАУЫ

16:49, 30 қараша 2021

Теміртауда Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасының асқақ армандары» атты мерекелік шара өтті. Сәні келіскен салтанатты жиынға Ұлт көшбасының замандастары мен билік өкілдері және Тәуелсіздік құрдастары қатысты. Мәні мен мазмұны астасқан кездесуде тараптар заманның заңғар тұлғасының ел дамуы жолындағы ерен еңбегіне, дана шешімдеріне кеңінен тоқталды

«Елбасының асқақ армандары» атты шараның Тұңғыш Президенттің  тарихи мәдени орталығындағы шымылдығын түруі кездейсоқтық емес. Өйткені Теміртау қаласы Елбасының еңбек жолымен тығыз байланысты. Нар тұлғалы Нұрсұлтан Назарбаев өз замандастарымен бірге алғашқы шойынды алып, Қазақстан магниткасын қалыптастырды. Осылайша ҚР Тұңғыш Президенті металлургиялық комбинатта шар болаттай шыңдалды. Ал салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Ұлт көшбасшысының егемен елімізді өркендету жолындағы тағдыршешті шешімдері мен кемеңгерлік келбетін елеп, екшеледі.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

Мәні зор, мазмұны терең жиында Елбасының замандастары екшеп алар тарихқа айналған ерекше естеліктер және сыршыл суреттермен бөлісті.

Киелі сахнада шырқалған әсем әнмен шаттыққа толы би де заманның заңғар тұлғасының құрметіне арналды. Көп ұлтты халықтың бекем бірлігі мен теңдессіз тұрақтылығы, өркениетке өршіл үні  әдемі әспеттелді. Сан салада жемісті еңбек етіп жүрген жастардың жарқын болашаққа деген сенімі жиналған қауымды серпілтіп тастады. Тәуелсіздік құрдасы, «SARYARQA» телеарнасының редакторы, кеше ғана өткен «ҚР құрметті азаматы» республикалық байқаудың жеңімпазы Жанбота Рахметоллаұлы жеткен осындай  жетістіктерін еңселі егемендіктің арқасы деп топшылайды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ, «SARYARQA» телеарнасының редакторы, Тәуелсіздік құрдасы:

Толғанай АЙБОЛАТҚЫЗЫ, Тәуелсіздік құрдасы, ақын:

Аймақ басшысы «Теміртаудан түлеген тарлан» атты көрмені де қызыға тамашалады. Сұңғыла саясаткер қиын кезеңде қара орман халықтың сеніміне селкеу салмады. Еңбегі ерен Елбасымыз Тәуелсіз мемлекетте ішкі тұрақтылық пен тұтас татулық қалыптастырды. Себебі тұғырлы Тәуелсіздіктің отыз жыл ішінде ортақ мүддеге біріккен ұлт пен ұлыстың, қарыштап дамудың тың тетіктеріне түрен салатынын дәлелдеді. 

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

16:30, 18 мамыр 2022
МАЛДЫ БАҚСАҢ ҚОЙДЫ БАҚ, МАЙ КЕТПЕЙДІ ШАРАДАН
Толығырақ...
16:29, 18 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ - ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар