ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«ЕЛ ҮШІН ЕГІЛЕМІН»

12:26, 9 қыркүйек 2021

Шахтинск қаласында тұрғындардың 70%-ға жуығы екпе алды. Емханада вакцина қоры жеткілікті. Зейнеткерлер және созылмалы аурулары бар адамдар үшін «Vero Cell» Қытай екпесі бар

Шахтинск қаласындағы емханада коронавирусқа қарсы иммундау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мұнда 5 вакцина орталығы бар. «Спутник-V», «QazVaz» және «Vero Cell» екпелерінің қоры жеткілікті. Алғашында күніне 100 адам вакцина алса, соңғы 2 аптадан бері 60-70-ке азайған. Мамандар мұны жоғарғы көрсеткіш екенін айтады.

Ләйлә ЕСМАҒАМБЕТОВА, Шахтинск қалалық емхана директорының орынбасары:

-Короновирусқа қарсы емдік алу үшін осы шахтинск қаласында 30186 адам реттелген. Бүгінгі күнгі 86% адам I компонентпен егілді. ІІ компонентпен 54% егілді. Қазіргі уақытта екпе алған адамдардың ішінде ауырған адамдар жоқ. Бәрінің денсаулықтары жақсы.  Вакцина алғаннан кейін дәрігер 14 күн қарайды.Температура, объективті статус бәрін қарап тұрады.

Сондай-ақ, қаладағы барлық бизнес нысандары мен мемлекеттік мемеке  ұйымдары толықтай «ASHYQ» қосымшасымен қабылдайды. Ал қоғамдық көліктерде санитарлық талаптар қатаң бақылауда. Жүргізушілер мен кондукторларда вакцина паспорты бар.

Лариса ЕРГЕЧЕВА, кәсіпкер:

-Біз «ASHYQ» жүйесін қолдаймыз. 2-і ай жұмыс жасап келе жатырмыз. Келушілерді тек «ASHYQ»-пен қабылдаймыз. Жұмыскерлер 2 ай бұрын екпе алды. 2 кезеңнен барлығы өтті.

Қала бойынша ағымдағы жылдан бері коронавирустық инфекциямен 5 мыңнан астам науқас тіркелген. Оның 5070 дертті жеңе алды. Айта кету керек, соңғы тәулікте облыста 549 адам вирус жұқтырып алғандығы мәлім болды. Ал 658 адам сауықты.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
11:34, 7 желтоқсан 2021
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
 «БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
12:48, 3 желтоқсан 2021
«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...