ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕЛ БОЛАШАҒЫ БІРЛІКТЕ

10:39, 13 қаңтар 2022

Субсидия – ауыл шаруашы­лығындағы ең күрмеуі қиын күрделі мәселе. Ел Президенті Қасым–Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында мал тұқымын асылдандыруға берілетін субсидия ашық әрі әділ үлес­тірілуі керек деп атап айтқан болатын. Сондықтан аталған саладағы ашықтықты қамтамасыз етіп, тиісті тетіктерді жетілдіру аса маңызды дейді,- сарапшы Тұңғышбай Мұқанов

Себебі субсидияны тұрақты беруге қатысты қоғамда мәселе жиі талқыланады дегенге саяды сарапшы пікірі. Қазір шаруаларды алаңдатқан бұл сұрақты агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі жұмыс тобы қарап жатыр. Ел Президенті халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге байланысты Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Осы мақсатта ха­лықтың табысын арттыру бағ­дар­ла­ма­сын әзірлеу қажет деді,- мемлекет басшысы. Ал «Қазақстан хал­қына» атты қоғамдық-әлеуметтік қор толғақты түйткілдерді шешуге ықпал ететін тың бастама деп отыр Тұңғышбай Мұқанов.Сондықтан өтпелі кезеңдегі сын сағатынан сабақ алып, негізгі күшіміз бірлікте екенін көрсету басты ұстаным болуы керек деп санайды спикер.

Тұңғышбай МҰҚАНОВ,  сарапшы:

-Мемлекетіміз жаңа Қазақстанды құрудың реформаларын айқындап берді.  Үкіметке  азық –түлік бағасын тұрақтандырып, қамбатшылыққа тосқауыл қоюға тапсырма жүктеді.Сондықтан Президентімізге сенім артайық. Үкіметтен үміт күтейік.Біздің күшіміз бірлікте ағайын.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
16:16, 14 қаңтар 2022
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
16:14, 14 қаңтар 2022
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...