ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЭКЗОТИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР

15:19, 21 шілде 2021

Теміртау қаласындағы қысқы бақта тропикалық және субтропикалық өсімдіктер өсіріледі. Олар ауа райының кез-келген жағдайына төзімді. Мамандардың айтуынша, өсімдіктер жыл сайын гүлдеп, жеміс береді екен

Агрономдардың айтуынша, тропикалық өсімдіктер біздің аймақтың климаттық жағдайларына әбден төселген.  Соған қарамастан, әр өсімдік жеке күтімді қажет етеді. Егер олардың кейбіреулері үнемі ылғалды қажетсінетін болса,  басқаларын айына бір рет қана суару жеткілікті екен.

Ботагөз ТӘШЕНОВА, агроном:

-Әрбір өсімдік үшін бізде жеке күтім бар. Егер банан ылғалды жақсы көретін болса, біз табиғи түрде сақтаймыз, көбірек суарамыз, ылғалдың сақталуына мүмкіндік тудырамыз. Егер інжір рұқсат етілсе, бұл жапырақты ағаш ретінде гүлдейді.  Бізде әр өсімдікке жеке көзқарас бар.

Жемістер банан мен анар және інжір ағаштарында гүлдейді. Өсімдіктер қыс және жаз мегілдерінде жыл сайын өнім береді. Жақында жылыжайға кокос пальмасы әкелінді. Мамандар оны енді отырғызбақ ниетте.

Ботагөз ТӘШЕНОВА,  агроном:

-Менің ойымша, олар біздің табиғи жағдайымызға үйреншікті және төзімді. Бізде жазда кейде қатты ыстық болады, ал қыста қатты аяз болғанда, салқын болғанда да өз қалпын сақтайды. Біз оларды күтіп баптап отырамыз.   

Қысқы бақта сонымен қатар зоологиялық бұрыш бар. Онда павлин құсы, қояндар, кірпілер және басқа да үй жануарлары бар. Аймақтағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жылыжай ішіндегі өсімдіктер мен жануарларға барлық жағдайлар жасалған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар