ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЕКПІНДІ

12:33, 11 маусым 2021

Темрітау қаласында коронавирусқа қарсы иммундау қарқынды жүргізілуде. Мысалы, Ақтау кентінде бүгінгі күнге дейін 600 адам вакцина қабылдаған. Тұрғындардың екпені қабылдауға ниеті қалай? Дәрігерлер не дейді?

Гүлжанат Шаймұрат медицина саласында қызмет етеді. Ол коронавирустың ауыр вирус екенін күнде көріп жүр. Екпені өзі бірінші болып қабылдауға ниет білдірген. Осы жолы екінші компонентін алды. Мақсатым, жақындарыма жанашыр болу, - дейді.

 Гүлжанат ШАЙМҰРАТ, Ақтау кентінің тұрғыны:

- Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Менде дене қызуы, бас ауруы болған жоқ. Мен әрбір адам саналы түрде екпені қабылдау керек деп ойлаймын. Өйткені, бұл тек өзің үшін емес, айналаңдағы адамдар үшін маңызды болуы тиіс. Бізде екпені ерікті түрде қабылдайды.

№5 емхана Ақтау кентіндегі жалғыз вакцинациялау орталығы. Мұнда барлық екпенің қоры жеткілікті. Хайат вакты 50 адам алып үлгерген. Иммундау препараттарын сақтаудың өзіндік талаптары бар. Мысалы, Спутник-v 18 градустан төмен сақталуы тиіс. Ал   «QazVac», «Hayat» 2 мен 8 градус аралығында болуы шарт. Айта кеткен жөн, Теміртаудағы №4 емхананың мобильді тобы қала айналасындағы шағын елді мекендерді аралап, екпе жұмыстарын белсенді атқаруда.

Әсия  ОМАРОВА, Теміртау қалалық  №4 емхананың эпидемиолог-дәрігері:

- Сондай-ақ, бізде жылжымалы бригада жұмыс істейді. Біз зауыттың жұмыскерлеріне сәуір айында екпе салдық. Цемент зауытының басшылығы өздері ынтасымен келіп, вакцина алды. Бұл үшін медициналық жағдаймен қамтамасыз етілуі тиіс. Мысалы, арнайы медициналық кабинеттер қажет. Олардың барлығы санитариялық –эпидемиологиялық талаптарға сай болуы тиіс. Сондай-ақ, препараттарды сақтайтын тоңазытқыштар болады. Бізде термоконтейнерлер бар. Олар арнайы қалыпты сақтап тұрады.

Дәрігерлердің айтуынша, екпе алғандар 3 күнге дейін жіті бақылауда болады. Алғашқы күндері дене қызуы көтерілуі мүмкін. Айта кеткен жөн, бүгінгі күнге дейін Ақтау кентінде 600 адам вакцина қабылдаған.

Әділ МУСИН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар