ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕКПЕ АЛУШЫЛАР САНЫ АРТУДА

12:41, 14 шілде 2021

Қарағандылықтар вакцина алуға құлшыныс білдіруде. Екпе салдыратын кабинеттердің алдына жиылған жұрттың қарасы қалың. Аймақ бойынша қазір 115 екпе алу кабинеттері жұмыс істейді

Екпе алушылар саны күн санап арта түсуде. Адамдар таңғы сағат 7-ден кезекке тұрады. Майқұдықта орналасқан  №1-ші емхана алдына жүздеген адам жиналып, кезекте тұр. Мұнда сағатына 7-8 адамға вакцина салынады. Медицина саласы қызметкерлерінің айтуына қарағанда ем қабылдағандар жарты сағат демалады. Сондықтан ұзынсонар кезек, - дейді.

Марина АКСЕНОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Тоңып қалдық. Кетіп қалсақ, кезекті жоғалтып аламыз. Жұмыс күнін толық осы жерде өткізетініміз өкінішті.  

Вакцина алуға келгендердің бірі Иван Стрижков. Қала тұрғыны өз ниетімен екпе қабылдауға келген.  

Иван СТРИЖАКОВ, Қарағанды қаласының тұрғыны: 

-Кезектің жылжитын түрі жоқ. Таңғы сағат 9-дан тұрмыз. Қазір сағат 12 жарым болды. Енді қанша уақыт тұратынымыз белгісіз. Ешкім бізге қысым жасаған жоқ. Бұл ерікті түрде жүзеге асуда. Жағдай тудырулары қажет еді. Электронды кезек болса осындай ұзынсонар кезек болмас еді. 

Майқұдық елді мекенінде орналасқан №1-ші емханада тәулігіне 120-ға жуық адам екпе ала алады. Жалпы вакцинациялау науқаны биыл ақпан айында басталған. Ол кездері кезек болмаған, кабинеттер бос тұрды, - дейді ақ халаттылар.   

Радмина ГАБДРАКИПОВА, №1-ші емхана директорының орынбасары:

-Бізде тек Спутник-V ғана бар. Бүгін ғана осыншама адам келіп тұр. Ақпаннан бері осынша көп халықты көрген жоқпыз. Екпе егу орталықтары бос тұратын. Мұндай ауқымға дайын болмай қалдық. Сол себепті емханадан тағы бір пункт аштық.

Емхана директоры орынбасары мұнда Спутник – V вакцинасы ғана  салынатынын айтады. Басқаларын жуық арада әкеледі дейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы Хайят-вак енді облысқа әкелінбейтінін айтады. Аймақ бойынша осы уақыт аралығында 40 пайыздан астам тұрғын екпе  алған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...