ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕКПЕ АЛУ - АУЫРМАУ ЖОЛЫ

12:27, 18 қазан 2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы - екпе. Ерікті түрде екпе алғандардың бірі Қарағанды қаласының тұрғыны, тыл ардагері, 95 жастағы Василий Лукошин. Әлемде болып жатқан жағдайдан күнделікті хабардар қария вакцина салдыруды жөн көрген

Бір ғасырға жуық ғұмыр кешіп келе жатқан Василий Лукошин небір зұлмат замандарды бастан өткерген. Тыл ардагері жұқпалы қауіпті дерттер әр заманда да болған дейді. Оба, шешек, сүзек, безгек сынды аурулар кең тараған уақыттың да куәгері болғанын алға тартады. Осы жасқа келгенше  ауру дегенді білмеген ақсақал әйтсе де денсаулыққа немқұрайлы қарамау керек дейді.

Василий ЛУКОШИН,  тыл ардагері:

-Біз талай тарихи оқиғаларды бастан өткерген адамдармыз.  Түрлі жұқпалы аурулардың да тарағанына  куә болдық. Тек  екпенің көмегімен ғана  жұқпалы ауруларды тоқтатуға болатынын да білеміз. Мен де өз кезегімде жұбайыммен ақылдаса келе екпе салдыруды жөн санадым. Қазір мамандар коронавирус ауруын жеңу үшін халықтың 70-80 пайызы вакцина салу керек деп жатыр.  Сол себепті біз де өзіміз үшін, жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін осы шешімге келдік.  

 «Сақтансаң сақтайды» деген нақылды ұстанған 95 жастағы қария  жұбайымен бірге вакцинаны қабылдауды құп көрген. Жылжымалы пункт дәрігерлері  ақсақалдың шаңырағына  арнайы келді. Екпе алдында дәрігерлер   егде жастағы ерлі-зайыптыларды тексеруден өткізді. Қарсы көрсетілімдер болмағандықтан «Спутник-V» вакцинасының І-компонентін екті. Отбасы мүшелері де толықтай екпе алған. Медицина мамандары өз еркімен екпе салдыруға ниетті егде жастағылардың қатары көп екенін айтады.

Әсел ҚАЛТАЕВА,  №1  емхананың фельдшері:

-  65 жастан асқан әжелер мен аталар, оларға ауруханаға келу аздап қиындық туғызады. Көбісі жалғыз тұрады, көбісі келе алмайды. Сол үшін  учаскелік терапевтер барлық ақпараттарды жинап, ол кісілердің келісімін алады. Бізге тапсырыс береді,  біз сол тапсырыс бойынша үйге барып вакцина жасаймыз. 100 жастан асқан  атаға салдық. Біздің тәжірибемізде болды. Ол кісі жасқы өткерді, өзін жақсы сезінеді.

Айта кетейік бүгінде өңір тұрғындарының 545 527 адамы екпенің  1 компонентін салдырса, 2 компонентті қабылдағандардың саны 485 015.  Ал,  соңғы тәулікте қауіпті індетті тағы 149 адам жұқтырды. 135 адам сырқаттан сауығып шықты. Облыс бойынша 91  968 адам бұл вирусты еңсеріп шықты.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...