ЕКПЕ АЛУ – АУЫРМАУ ЖОЛЫ

12:06, 8 сәуір 2021

Теміртауда КВИ-ға қарсы «Спутник-V» вакцинасы салынып жатыр. Екпе шаралары 10 ақпанда басталған. Құрыш қаланың №4 емханасында егу кабинеті ашылып, онда тұрғындар алдын ала жасалған тізім бойынша қабылдануда

Теміртау қаласында медицина, білім саласы, тәртіп сақшылары, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне екпе салынуда. Вакцина алатындар тізімі алдын ала жасалып, емханаларға беріледі. Ереже бойынша алдымен әрқайсысының денсаулығы тексеріліп, кейін екпе салынған соң жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болады.

Құрышты қалаға аптасына «Спутник-V» вакцинасының 300 дозасы жеткізіліп, күніне 60 адам вакцина қабылдайды. Қазір 2000-ға жуық теміртаулыққа коронавирусқа қарсы егу шаралары жүргізілді. Айта кетейік, вакциналау екі кезең бойынша өтеді. Яғни, алғашқы компонентін алған адамға 21 күннен кейін екінші дозасы салынады.

Әсия ОМАРОВА,  Теміртау қаласы №4 емхананың эпидемиолог-дәрігері:

-Бүгінгі күні вакцинадан кейін ешқандай кері әсер болған жоқ. Тек жергілікті реакциялар температура, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік түрінде байқалды. Шамамен 60%-да  жергілікті реакциялар болды.

Вакцинациядан кейін науқас үш күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Қарағанды облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша тағы да "қызыл" аймаққа көшті. Қарағанды облысында жалпы індет жұқтырғандар саны 18546. Соңғы тәулікте 160 адамнан вирус анықталып, 97-сі емделіп шықты.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...