ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕКПЕ АЛҒАНДАРҒА ЕРЕКШЕ ЖЕҢІЛДІК

14:27, 4 маусым 2021

Екпе алғандарға ерекше жеңілдік. Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде вакцинаның екі компонентін алғандарға 10% жеңілдік жасалуда. Тіпті алған тауарды тұрғылықты жеріне дейін жеткізіп беру қызметі де тегін

Қаладағы сауда орталықтардың біріндегі акция бұл жолы екпенің толық курсын алғандарға арналады. Мүмкіндікті пайдалану үшін қойылатын бір ғана талап бар. Ол үшін вакцина салғанын дәлелдейтін құжат пен жеке куәлігі болуы шарт.  Аталмыш науқанға Қарағанды қалалық ішкі саясат бөлімі ұйытқы болып отыр.

Қанат БАЙРОВ,  сауда үйінің бөлім меңгерушісі:

-Біздің сауда үйіміздің директоры Елена Михаиловна сол кісі ұсыныс берді. Сол ұсыныспен науқан жүргізіліп жатыр. Жеңілдіктер халықты осы қиын болып жатқан жағдайға байланысты халықты вакцинация алуға шақыру. Осы науқан адамдарды шақырып, көңіл бөлсе онда тағы да осындай науқандар жүргізіледі.

Тауар бағасына жеңілдіктен бөлек, тұрғылықты жеріне тегін жеткізу қызметі де бар. Сатып алушылар осындай мүмкіндіктерді мүлт жібермей барынша пайдаланып қалуда.   

Динара ЖОРҒАРАЕВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Мен вакцинацияның 1 кезеңін апрель айында алғанмын. 2 кезеңін 21 күннен кейін 15 майда алдым. Жеңілдік туралы қазір естіп мен келдім. Обои таңдап жатыр едім. Сосын осындай паспорт вакцинациясы бар адамдарға келіңіздер деп. Сол келгенім тұрғындарға 10 пайыз жеңілдік вакцинацияның арқасында. Ұйымдастырушыларға рақмет.

Қуаныш Әбілов мамыр айында вакцинаның екі компонентін салдырған. Бірншіден әлемді дендеген дерттен қорғанды, екіншіден өзіне керек құрал жабдығын арзан бағада сатып алды. Иглілікті науқан туралы әлеуметтік желі арқылы хабардар болғанын айтды.

Қуаныш ӘБІЛОВ, сатып алушы:

-Ящик для инструментов сатып алдым. Акция жүріп жатыр екен вакцинация алған адамдарға. 10% жүріп жатыр екен. Соны естіп мен осында келдім. Инстаграмнан естідім. Мысалы мынаның бағасы 11 мың теңге 9700 тг алдым.

Айта кетейік, акция  3,4, 10,11 маусым күндері өтеді.

Назерке ЖАҚСЫБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар