ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕКПЕ АЛ ДА, АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛ!

15:56, 23 қыркүйек 2021

Екпе ал да, автокөлік ұтып ал! "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өз қызметкерлері арасында байқау ұйымдастырды. Ұтысқа бес көлік тігілді. Ойын онлайн-форматта өтті. Шара әділ өту мақсатында оған БАҚ, кәсіподақ өкілдері қатысты. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталды

Вакцина алған қызметкерлерді ынталандыру мақсатында алпауыт кәсіпорын ұтыс ойын ұйымдастырды. Оған болат және көмір департаменттерінің қызметкерлері қатысты. Сыйлыққа  екі темір тұлпар тігілді.

Конкурсқа қатысудың шарттары да оңай. Оның негізгісі өтінімге екпе алғандығы жөнінде куәліктің көшірмесін бекіту керек болған.

Алғашқы жеңімпаз анықталды. Су жаңа автокөлік болат департаментінің  слесарь-жөндеушісі Нұрхан Смағұловқа табысталды.  

Нұрхан СМАҒҰЛОВ, жеңімпаз:

- Мен өтінімді бір ай бұрын тапсырдым. Ұтыс жайлы менің мастерім кеңес берген болатын. Сыйлықтан үміттенбесем де, олжалы болып отырмын. Өте қуаныштымын.

Ал,  көмір департаментінен 5 000-ға жуық қызметкер бағын сынаған.   Бұл жолы жерасты электр жөндеушісі Талғат Шауғымбеков темір тұлпар иесі атанды. Ол ұтыс ойыны кезінде жұмыста, яғни шахтада ауысымында болғандықтан қуанышты хабарды кешірек естіген.

Бұдан бөлек, ұтыс барысында техника сатып алуға 20 сертификат та ойнатылды.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...