ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ЖОҒАРЫ

16:16, 7 маусым 2021

Қарағанды облысында өңдеу өнеркәсібінің көлемі ұлғаюда. Негізгі бағыттар бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпіні сақталған. Бес айдағы нәтиже онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте талқыланды

Аймағымызда өңдеу өнеркәсібі 3 пайызға артса, құрылыс саласында да  көлем 3%-ға өседі деп күтілуде. Биыл, сондай-ақ 195 мың шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 13,4%-ға артық.

Азамат МҰҚАНОВ,    экономика басқармасының басшысы:

– Өнеркәсіп өнімдерін өндіру жалпы сомасы 1 трлн 671,5 млрд теңгеге болжанып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде 3%-ға өсу күтілуде. Атап айтқанда, 20-дан 28%-ға дейінгі деңгейде шойын, жалпақ болат прокаты, тазартылған мыс өндірісі 1%-ға артады.

Болжам бойынша, облыстың негізгі капиталына 13% өсіммен 257,8 млрд теңге инвестиция салынуы тиіс. Ауылшаруашылық саласында да  тұрақты өсім байқалады. Жалпы алғанда барлық бағыттар бойынша оң динамика бар.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

 – Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда индикаторлардың көпшілігі оң динамика береді. Өнеркәсіп, әсіресе өңдеу секторы, құрылыс, саудада бес айдың қорытындысы бойынша өсім байқалады. Пандемияға байланысты табысы төмендеген қоғамдық көлік бойынша көрсеткіштерді арттырамыз. Жоспарланған индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмысты жандандыру, салалардың өсу қарқыны бойынша барлық шараларды қабылдау қажет. Барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейту керек.

Өңірде 90 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 2,6%-ға артқан.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

 

 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар