ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ

16:16, 22 қазан 2021

Жезқазған қаласында 300 ағаш отырғызылды. «Гүлденген аллея» акциясы мысты шаһардағы 6 білім ошағын қамтыды. Экошараны ұйымдастырған «Қазақмыс» Корпорациясы осылайша ауаны зиянды қалдықтардан тазартып, қала көркін ажарландыруға үлес қосуда

Эколог маман оқушылармен білгенімен бөлісуде. Шағын шеберлік сағаты десек те болады. Көшеттердің қыстан аман шығып, жайқалып өсуі үшін маман жаңа технологияны қолдануға кеңес береді. Айталық мына гидрогель қоспасы ағаш тамырындағы ылғалды 3 аптаға дейін сақтайды екен.

Андрей МАТВЕЕВ, көгалдандыру бойынша  маманы:

-100 гр гидрогель 200 литр суды ұстап тұрады. Яғни бұл ағаштар аптап ыстықта да ұзаққа дейін суаруды қажет етпейді. Қыста тамырды үсіп кетуден қорғайды.

 « Қазақмыс» Корпорациясы «Гүлденген аллея» акциясын 3 жылдан бері өткізіп келеді. Осылайша алып компания өндіріс орындары орналасқан қалалардың экологиясын жақсартуға басымдық беруде.

Жансая ЕРЖАНҚЫЗЫ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС қоршаған ортаны қорғау департаментінің маманы:

- «Қазақмыс» Корпорациясы бұл акцияны 19-шы жылдан бері өткізуде. Бірнеше этаптан тұрады. Өткен жолы біз Кеңгір суқоймасы мен Балқаш көлінің маңайын қоқыс-қалдықтан тазартқан едік. Екінші кезеңде - қаланы жасылдандырып жатырмыз. Үшінші кезеңде, зиянды қалдықтарды жоятын боламыз.

 Бұл жолы шара Жезқазғандағы 6 білім мекемесін қамтыды. Әр оқу ордасының  ауласына 50 түп ағаш пен бұта отырғызылды. Жабайы алма, шие, мамыргүл, бөріқарақат, итмұрын көшеттері келер жылы гүлдеп, аумақты безендіре түседі.

Айзада ОРАЗХАНҚЫЗЫ, тілші:

-Бұл Катальпа және Павлония ағаштарының көшеттері. Иә, иә көшеттері. Ересек ағаштардың биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Америка мен Еуропаның көп елдерінің көшелеріне көрік беріп тұрған негізінен осы ағаштар. Себебі, ыстық пен суыққа төзімді, құрғақшылықтан да қорықпайды. Экзотикалық ағаштардың тағы бір артықшылығы – ұзақ гүлдейді. Терең күзге дейін өз сұлулығын жоғалтпайды екен. Жерсініп кетсе, жезқазғандықтар бұл ағаштардың сұлулығын 3-5 жыл аралығында тамашалайтын болады.

Акцияға қатысқан оқушылар игі бастамаға дән риза. Туған қалаларының гүлденуіне атсалысып қоймай, өсімдік әлеміне қатысты құнды ақпараттарға қанық болдық дейді.

Нұрдәулет СЕРКЕТАЙ, Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейдің оқушысы:

-Біздің қаламызда өндіріс фабрикалары бар. Олардан бөлінетін көмірқышқыл газы адамға да, әрі табиғатқа да өте зиян. Ал бұл жасыл өсімдіктер, ағаштар фотосинтез процесі арқылы, бізге таза оттегі бөледі. (кесіп жалғау керек) Бұндай іске қатысу, меніңше, өте қызықты, процесті көрген.

Қатысушы мектептерге сондай-ақ корпорация тарапынан бөлме өсімдіктері де сыйға тартылады. Айтпақшы, дәл осындай экошара алдағы уақытта Балқаш қаласында да жалғасын таппақ.  

Айзада ОРАЗХАНҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...