ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЕГІН НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

16:37, 6 қыркүйек 2021

Осакаров ауданында егін жинау науқаны басталды. «Сұңқар-2015» кәсіпорыны шабындықты аяқтап, енді астықты жинауда. Компания егістік алқабында қалай жұмыс істеп жатыр?

Биыл Осакаров ауданында 380 мың гектар жерге егін егілді. Бұл бидай, арпа, сұлы және судан өнімдері. Қазіргі кезде оның 40% жиналды. Ең ірі кәсіпорындардың бірі "Сұңқар-2015" 1999 жылы құрылған. Виктор Летутаның  айтуынша, құрғақшылық биыл оларды айналып өтпепті.

Виктор ЛЕТУТА, «Сұңқар-2015» ЖШС негізін қалаушы:

-Біз осы жылы егіннің жартысынан көбін жинап тастадық. Орта есеппен ол 7 жарым центнерді құрайды. Енді биыл жауын-шашын көп болмағандықтан осылай ерте жинауға кірістік.

Егістік алқабында қазір 25 адам жұмыс істейді. Машина-трактор паркінде 20-ға жуық арнайы техника бар. Биыл шаруашылық астық кептіргішті жаңартты. Кешеннің өнімділігі сағатына 25 тонна астықты құрайды. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған субсидия берілген. Осылайша, мемлекеттік қолдаудың арқасында астық және қажетті тыңайтқыш сатып алынды.

Виктор ЛЕТУТА, «Сұңқар-2015» ЖШС негізін қалаушы:

-Екі К-700, екі МТЗ алдық. Егін жинау басталғанға дейін олар тағы бір 6 метрлік жерді бірден жыртатын соқа алдық. Енді егін жинағаннан кейін біз жер жыртамыз.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің көп бөлігін Қарағанды диірмендері сатып алады. Мамандар бұдан былай, астықты жақын шетел кәсіпкерлері де сатып алатынын айтуда.

Қабылда ӘБІЛДИНОВ, Осакаров ауданынынң ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

-Күзгі тазалауға биыл 5190 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Барлығы уақытында және жоспар бойынша ерекшеленеді. Өткен апталарда астық сатып алуға субсидиялар берілді. Биылғы жылы егін 2% - ға аз.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
11:34, 7 желтоқсан 2021
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
 «БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
12:48, 3 желтоқсан 2021
«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...