ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Ә. СЫҒАЙ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

11:48, 14 қазан 2021

Қарағанды студенттері театр режиссерлары және актерларымен кездесіп ой бөлісті. Аталған бас қосу белгілі сыншы Әшірбек Сығай атындағы республикалық театрлар фестивалі аясында ұйымдастырылып отыр

Жастармен кездесу «Сарыжайлау» кинотеатрында өтті. Өмірін өнерге арнаймын деген ынталы жастар алдымен белгілі сыншы Әшірбек Сығайдың тағдыры және шығармашылығы жайлы танымдық хабарды тамашалады.

Жангелд ӘНУАРХАН, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «ҚазДрама» бөлімінің 3-курс студенті:

-Бүгінгі кездесуде менмен деген актерлармен, режиссерлармен кездестік. Бізге өте үлкен мотивация болды. Әшірбек Сығай ағамыз туралы кезінде Қайрат Кемалов ұстазымыз айтқан бізге. Бүгін одан да көп қырларымен таныстық ол кісінің. Бұрын жай сыншы ретінде білсек, бүгінгі таңда ол кісінің қандай көңілді адам болып жүргенін, ән айтатынын, қандай актерлық шеберлігі бар екендігін, керемет сезім болды. Енді оны айтып жеткізе алмайсың

Тұлға туралы ақпаратқа қанық болған студенттер бағдарлама аяқталған соң фестивальда әділ қазылық етуші театр саңлақтары Тілектес Мейрамов, Әлімбек Оразбеков, Қайрат Кемалов, Дунай Еспаев, Ә. Сығайдың жары Күләш Сығай мен жас, жаңа бағытта ізденуші режиссерлар Жұлдызбек Жұманбай және Дина Жұмабаевмен сұхбаттасты. Әңгіме барысында қазақ театрының бүгіні мен болашағы, өнер саласындағы ұрпақтар сабақтастығы сөз болды.  

Айта кету керек, ел егемендігінң 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл фестиваль биыл тұңғыш рет Ә. Сығай атында өтіп жатыр. Облыстық мәдениет басқармасы бұл бастаманы енді дәстүрге айналдырып, шараны екі жылда бір өткізіп отырсақ деген ойда. Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Семей, Қостанай өнер ордаларынан келген актерлар қалада қазан айының 16-на дейін болады. Олар Сейфуллин және Станиславский театрларының сахнасында өз репертуарларынан қойылымдар көрсетпек.

Сәния ОРЫНБАСАР

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар