ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ДОСХАН АУЛЫНДАҒЫ ТОЙ

11:57, 3 шілде 2021

Сарыарқаның көшпелі мәдениеті фестивалі Сәтбаев қаласында да жалғасын тапты. Шаһардың ішінде шағын ғана этноауыл құрылып, көшпелілердің мәдениетін сахналады

Сәтбаев қаласы бұрын Досхан деп аталған. Ұйымдастырушылар сол себепті де этноауылға Досхан деп атау берген екен. Фестивальға қаладағы барлық өнер мектебі ұжымдарының өкілдері  қатысты. Ежелгінің қазағы қалай киінсе, қалай сөйлесе, ән шырқаса, домбыра шертсе бұндағылар да соларға барынша ұқсауға тырысыпты.

Қанат ЖАНДІЛДӘ, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

-Жалпы бұндай іс-шара егемендіктің 30 жылдығында ғана емес, үнемі ұйымдастырылып тұруы керек. Бұл науқандық шараға айналмаса екен деп тілейміз. Бұны жыл сайын ұйымдастыруды ұсынамын.

Фестивальде қызды ұзату рәсімі көрсетілді. Өз теңін тапқан бойжеткеннің құлағына сырға салып, төселген ақ жолмен өз жұртына әкетті. Әулет үлкені бата берді, ауыл әншісі сыңсу айтты.

Шаһардың мәдени шараларында төбе көрсетіп жүрген ансамбльдер салтанатты шараны күйге бөледі. Ұлттық музыка осылайша үзілмей ойналып тұрды.

Сәтбаев қаласындағы фестивальде қатын күрес өтті. Кілемде білекті, епті, күші тың ауыл әйелдері белдеседі. Бұл да бұрынғы сауықшыл қазақтың бір қызығы.

Бұл шаһарда да домбыра шеберханасы бар. Домбыра күніне орай әкімшіліктің қолдауымен ашылыпты. Әбілқасым Байбұланов сонда бас шебер қызметінде. Өзі осы іспен 30 жылдай айналысып келеді екен.

Әбілқасым БАЙБҰЛАНОВ, домбыра шебері:

-Бұның бәрі Сәтбаевта жасалады.  Бір-екі шеберханам бар. Онда бала оқытамын. Жылына 10-15 шәкірт тәрбиелеп шығарамын. Барлығы келіп осы өнерді дамытуға атсалысып жатыр.

Салттан, өнерден, спорттан бөлек ұлттық асханамыз да қамтылды. Тағамдардың дайындалу әдістерін ауылдың шаруаға епті әйелдері көрсетті.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...