ДІМКЕШ МҰҚАНОВТЫҢ АТАУЛЫ СТИПЕНДИЯСЫ

13:42, 4 мамыр 2021

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде профессор Дімкеш Мұқановтың атаулы стипендиясы табысталды. Ол студенттерге академиялық және ғылыми-зерттеу қызметінде айтарлықтай жетістіктері үшін беріледі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің он студенті белгілі қазақстандық ғалым Дімкеш Мұқановтың атаулы стипендиясына ие болды. Физика-техникалық факультетінде жоғары жетістікке жеткені үшін марапат алғандардың бірі Бауыржан Жүмекенов. 

Бауыржан ЖҮМЕКЕНОВ, магистрант:

-Бұл бізге студенттердің біліміне шабыт береді, жігерлендіреді.

Бұл стипендия 2017 жылдан бастап Қарағанды университеті студенттерінің ғылыми және академиялық жетістіктері үшін Дімкеш Мұқановтың отбасы атынан берілді. Байқау физика-техникалық факультеттің оқушылары арасында өтті.

Мейрамгүл ЖЕТПІСБАЕВА, «Өрлеу» институтының Қарағанды филиалы директорының орынбасары:

-Ғылыми стипендия - бұл Қазақстанның болашағын құратын ғылыми жастарды қолдаудың белгісі. Қазір Қазақстанда ғылыми әлеуетті дамыту мәселесі өткір тұр. Жастар өздерінің еңбектерінің бағаланатынын білу мақсатында осы стипендия тағайындалған болатын.

Айта кетсек, Дімкеш Мұқановтың стипендиясын алған студенттер ғылыми қызметте жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар