ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

16:17, 25 қараша 2021

Инвентарь мен құрал-жабдықтарды жаңарту, спорт нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті төртінші сессиясында осындай ұсыныстар айтылып, сұрақтар көтерілді

Сессияда көтеріліп, шешімін тапқан сұрақтардың орындалуын бақылау мақсатында облыстық мәслихат хатшысы Серік Өтешов пен облыстық мәслихат депутаты Юлия Бадина спорт мектебінің жай-күйімен танысты. Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер гимнастика мектебінде спортшылар батутпен және көркем гимнастикамен, сондай-ақ акробатикамен және спорттық бимен айналысады. Мұндағы жабдықтардың көпшілігі тозығы жетіп, қайта жаңартылған.

Құрал-жабдықтарды сатып алуға облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Бір айта кетерлігі, спортты дамыту мәселесі депутаттық корпус тарапынан   сессияларда, жиындарда сан мәрте көтерілген болатын. Арнайы жұмыс топтары құрылып, қалалық және ауылдық спорт нысандарын аралады.

Юлия БАДИНА,   облыстық мәслихат депутаты:

-Осы нысанға, гимнастика спорт мектебіне тоқтап, қарадық. Әлемдік деңгейдегі жабдық.  Мұндағы жабдық спорт саласында жақсы таныс. Барлық әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындары осы жабдықта өтеді. Бұл спортшылардың мықты дайындығы үшін өте маңызды.  

Мектеп оқушылары көркем және батут гимнастикасы, сондай-ақ спорттық акробатика бойынша еліміздің ұлттық құрама командасының сапында. Жаттықтырушылардың айтуынша, жаңа құрал-жабдықтар жас спортшылардың нәтижесіне оң әсер етеді.

Кирилл КОКОРЕВ,  спорт жаттықтырушысы:

-Өте тамаша, сапалы жабдықтарға қол жеткізді. Бұл қолдау спортшылардың халықаралық, әлемдік жарыстарға баруына, тың дайындықты күшейтуге мүмкіндік береді. Барлық жағдай осы спортшылардың еңбегі, жетістігі үшін болары анық. 

Александра ГОНЧАРОВА,  спортшы:

-Мен 4 жасымнан бастап жаттығамын. Мұнда алдымен ата-анам әкелген гимнастикаға келдім. Маған ұнады.   7 жыл жаттығу жасалды. Содан бір қызбен жұптасып жұмыс істеу үшін акробатикаға ауыстым. Жақында қазан айында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Екінші орын алдық.

Облыста спортты дамытуға көп көңіл бөлінуде. Бұл мәселе облыстық мәслихаттың ерекше бақылауына алынған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...