ДАРА ДАУЫС ИЕСІ

16:20, 6 сәуір 2021

Биыл қазақ радиосының 100 жылдығы. Сөз өнерінің небір саңлақтары қызмет етіп, талай таланттардың жолын ашқан ұлт үнжариясына өлшеусіз үлес қосқандардың бірі жерлесіміз Жәнел Асқарова. Саналы ғұмырын ақпарат саласына арнаған оның мақпал үні бүгінде қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы

Ұлтымыздың үнжариясынан шыққан қоңыр, таза, әсем үн кімді болса да елең еткізбей қоймады. Радио толқынынан  Жәнел Асқарованың  даусы төгілген кезде тыңдарман елітіп құлақ салатын. Қазақ даласына өзінің мақпал үнімен есте қалған Жәнел апай Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының тумасы.  

Ол 1951 жылы туған жеріндегі орта мектепті тәмәмдап, Алматыдағы  қазақ қыздар институының филология факультетіне түседі. Ал 1961 жылы қасиетті қара шаңыраққа дикторлық қызметке қабылданып, еңбек жолын бастаған. Міне, сол уақыттан бастап Жәнел Асқарова диктор деген атаққа қылау түсірмей, шаң түсірмей сөз өнерін әлпештеп өткен. Бүгінде радионың сандуғашы атанған Сауық Жақанова парасат пайымы мықты Жәнел апайдың өнегелі мектебінен өткендігін сағынышпен еске алады.

Сауық  ЖАҚАНОВА, диктор:

- Жалпы, жазатын автор ғой. Сол автормен бірлесе автор. Тіпті кей кезде авторлар өзінің шығармаларын айта алмай қалады, жеткізе алмай қалады. Ал Жәнел апа солардың не айтқысы келгенін бірден сезініп, түсініп, соны жеткізе алатын. 

Жәнел Асқарованың қоңыр, назды үнімен таспаға түсірген талай әңгімелері мен романдары  ұлт үнжариясының алтын қорында сақтаулы.   Танымы биік маманның біліктілігі мен кәсібилігінің арқасында «Ең  жоғары дәрежелі диктор» деген атаққа да ие болды. Ол мықты маман ғана емес, отбасы ұйытқысы бола білген мейрімді ана. Әулетіне қамқор әпке де бола білген, нағыз қайсар жан екендігін туған бауыры тілге тиек етті.

Серік АСҚАРОВ, туған бауыры:

Бізге деген апамыздың көңілі жанашырлықпен қарап, біздің адам болып білім алуымызға үлкен үлес қосты. + Кейде таспаға жазылған, өзі жазып кеткен әңгіме, романдардан үзінділерді үйге келіп тыңдап, соның сызығына шейін, мәнін, даусының мәнерін тыңдап өте жақсы жазылыпты, дұрыс жазылған екен деп қуанып, мақтаныш етеді.

Бірегей тұлға көзі тірі болса биыл сексеннің сеңгіріне шығатын еді.   Тағдырдың жазуымен  2004 жылы дүниеден озды.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
16:04, 15 сәуір 2021
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...