COVID-19 ЭПИДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ ЖҮКТІЛІК

14:04, 15 ақпан 2021

Коронавирус эпидемиясы кезінде жүкті әйелдер арасында дәрігерлер мен психологтарға жүгінушілер саны артқан. Көбін алаңдататын сауал: "Қауіпті вирусты жұқтырсам, балама әсер ете ме?" Індетті жұқтырған болашақ аналар мен жаңа босанған әйелдерді емдеу әдісі қандай? Ол туралы Қарағанды облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы айтып берді

Жүктілік кезінде вирустың анадан балаға өтуі мүмкін екені әлі дәлелденбеген. Covid-19 қынап сұйықтығында, кіндік қанда немесе омырау сүтінде анықталған жоқ. Зерттеулер әлі жасалып жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, коронавирус жұқтырып алмас үшін барлық сақтық шараларын қолдану қажет.

Жарқын НҰРКЕЕВА, Қарағанды облыстық перинаталды орталығының акушер-гинекологы:

- Аса ауыр дәрежелі жағдай болмаса онда прафилактикалық алдын алу үшін антибиотик қана қолданамыз.

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерден аса ауыр белгілер байқалып жатқан жоқ. Ең алдымен, инфекциямен  ауыру қаупін азайту үшін тамақтануға және ағзаны дәруменмен байытуға мән беру керек. Күнделікті су балансын сақтап, өзгелермен байланысты азайту сияқты қарапайым шараларды ұстану қажет. Ал, бала емізу толығымен қауіпсіз. Зерттеулер көрсеткендей, коронавирус омырау сүтімен берілмейді.

Жарқын НҰРКЕЕВА, Қарағанды облыстық перинаталды орталығының акушер-гинекологы:

- Ең бірінші лобараторлық зерттеулер жүргіземіз, қан аламыз. Қан картинасы нашар болса кликсан қолданамыз.

Егер жүкті әйелде коронавирустың алғашқы белгілері байқалса, дереу тұрғылықты жерінде тіркелген гинекологқа хабарласуы керек. Егер қауіпті сырқат расталса, әрине, оның жеңіл немесе ауыр түріне байланысты ауруханаға жатуы керек. Егер жүктілік 36 аптадан асса, науқас жіті бақылауда болғаны дұрыс. Айта кетсек, Қарағанды облысында жалпы індет жұқтырғандар саны 14748. Соңғы тәулікте 40 адамнан вирус анықталып, 61 адам емделіп шықты.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...