ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЦИФРЛЫҚ ХАБАР ТАРАТУҒА КӨШТІ

16:56, 30 қараша 2021

Қарағанды ​​облысы цифрлық хабар таратуға көшті. Енді «Қазтелерадио» 26 цифрлық арнаны таратады

Қарағанды ​​облысы толығымен цифрлық хабар таратуға көшті. Телемұнарадан 100 шақырым радиуста жүзеге асады. Айта кету керек, облысымызда бұл форматқа көшу жұмыстары өткен жылы басталған.

Ерлан ҚҰСАЙЫН, Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

-Мемлекет басшысының халықты, тұрғындарды шалғайдағы ауыл тұрғындарын сапалы телевидениемен қамтамассыз ету туралы нақты тапсырмасы бар. Осы бағдарламаның нақты жүзеге асуы осы бүгінгі шара деп білеміз.

Бұрын аналогтық теледидар цифрлық телевизия пайда болғанға дейін телехабар таратудың жалғыз әдісі болатын. Ол аналогқа қарағанда жоғары қорғаныс пен сапалы сигналға ие. Қабылдау қашықтығы да анағұрлым ұзақ. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді тіпті шалғай орналасқан елді мекендерге де жете алады.

Гүлзира ТӨКЕНОВА, Қарағанды облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының бас инженері:

-Бүгінгі күні бұл радиотелевидение стансасының 10 аналогтық телеарнасы және 11 радиобағдарлама таратылып отыр. Сондай-ақ, 26 бағдарламадан тұратын цифрлық таратылым 2012 жылдан бастап жұмыс істеп тұр.

Еске салайық, Қазақстанда 2018 жылдан бастап аналогтық теледидардан, цифрлық эфирлік телехабар тарату кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта халықтың 90 пайыздан астамы жаңа форматпен қамтылды. Жоспарға сәйкес, 2022 жылдан бастап еліміз цифрлық хабар таратуға толық көшіріледі.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар