БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІ ҚАРАЛДЫ

16:38, 6 мамыр 2021

Жарықтандыру, жолдар, ойын алаңдары, қасбеттерді жөндеу. Бұл жұмыстар бюджет қаражатынсыз жүзеге аспайтыны сөзсіз. Миллиардтаған қаржы бөлініп жүзеге асатын жұмыстың нәтижесі қандай? 2020 жылға арналған бюджеттің орындалуын қараған Қарағанды ​​қалалық мәслихатының депутаттары тұрақты комиссияның бірлескен отырысында бірқатар сұрақтарға жауап іздеді

Онлайн-отырыста депутаттар қала және аудан әкімдіктері өкілдерінің есептерін тыңдады. Мәселен, Қазыбек би атындағы ауданда былтыр нысандар қасбеттері шамамен 5 миллиард теңгеге жөнделген. 1400-ден астам жұмыс орны құрылған. Бірыңғай архитектуралық келбет беру үшін 12 көшеде орналасқан 186 фронт-үйде жұмыстар жүргізілді. Ал ауданды абаттандыруға шамамен екі жарым миллиард теңге бөлінген.

Мақсұт ҚОЖАНОВ,    Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары:

-   875 млн. теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтар үшін 595 контейнер алаңы жасалды. Оны іске асыру аясында 244 жұмыс орны құрылды. Келесі кезекте жарықтандыру тіректері жасалып,  751 жарықтандыру бағаналары орнатылды. Жалпы сомасы 461 млн. теңгеге 24 жаяу жүргіншілер жолы жасалып, оның аясында 130 жұмыс орны құрылды.

Сәния БОРАНҚҰЛОВА,  Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссия төрайымы:

-  Егер тиімділік көрсеткіші 100% болса, неге аудан тұрғындарынан қасбеттерді, шатырларды жөндеу, абаттандыру, аула аумақтарын жарықтандыру сапасына қатысты көптеген шағымдар бар? Жауапты мамандарға қандай талап қою жұмыстары жүргізілуде? Қазіргі уақытта оның нәтижелері қандай?

Мақсұт ҚОЖАНОВ,  Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары:

-  Тұрғындардың ескертулері әділетті. Өйткені қараша айында суық ауа райында біраз жұмыс жүргізілді. Осыған байланысты қазір бізде топ жұмыс істейді.  Мердігер компания  фасадтар, шатырларды жөндеу және аулаларды реттеуге жұмыс жасайды. Қазір бәріне жан-жақты талдау жүргізудеміз.

Депутаттар алдында Октябрь ауданы әкімінің аппараты да есеп берді. Аталған ауданда өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 115 аула абаттандырылған. Бұған 2,5 миллиардтан астам қаражат жұмсалды. Жолдар жөнделіп, балаларға арналған ойын алаңдары орнатылған.  Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары да бюджет қалай игеріліп жатқандығы жайлы халық қалаулыларына есеп берді. Депутаттар бірінші басшыларды өз жұмыстарын адал атқаруға шақырды.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-    Сұрақтар, әрине,  бағдарламалар бойынша аудан әкімдері аппаратында баршылық. Ең алдымен, бұл қасбеттер, шатырлар, аулалар, балалар спорт алаңдары. Бүгін сіздердің мойындарыңызға үлкен жүк артылып отыр. Өйткені тұрғындар мен өз кезегін күткен жандардан көптеген пікірлер, сындар айтылып жатқанын көресіз. Атқарылатын жұмыс ауқымды.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асырудың тиімділігі туралы ұсыныстар берді. Бұл мәселе 26 мамырда өтетін келесі сессияда қаралатын болады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар