ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

12:38, 19 шілде 2021

Қарағанды қалалық мәслихат депутаттары 2021 жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс жасады. Осы мәселені халық қалаулылары тұрақты комиссияның кезекті отырысында қарады

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысында  Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі Айнұр Апақашеваның баяндамасы тыңдалды. Халық қалаулыларының қарауына ол жалпы сомасы 4 миллиард 780 миллион теңге болатын 2021 жылға арналған қала бюджетін нақтылау жөніндегі дайын материалдарды ұсынды. Бұл облыстық бюджеттің  трансферттік  сомаларының  кіріс бөлігіндегі түсімнің  өзгеруіне  байланысты болған.

Айнұр АПАҚАШЕВА, Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі:

-Қаланың нақтыланған бюджетінің ұсынылған жобасында облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен несиелерді 2 миллиард 775 миллион теңгеге ұлғайту көзделген. Оның жалпы сомасы  3 миллиард 86 миллион теңгеге көбейтіліп отыр.  

Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға  сурдотехникалық және протездік-ортопедиялық құралдарды алу көзделген. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін мүгедектер арбаларын сатып алуға 84 миллион теңге жұмсау жоспарланып отыр. Оңтүстік шығыстағы 30 шағын аудандағы білім беру нысандарын іске қосу үшін жылу желілерін қайта қалыпқа келтіруге 1 миллиард теңге бөлінді. Майқұдықтағы  Карл Маркс және Магнитогорская автожолдарын күрделі жөндеуге 2 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Конкурстық рәсімдерді өткізумен қатар 5 инженерлік желілерді іске қосуға 2,5 миллион теңге бөлінген.

Айнұр АПАҚАШЕВА, Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі:

-Облыстық бюджеттен берілетін трансферттердің азаюы 311 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде - 4 миллион теңге Күнгей шағын ауданының  инженерлік желілерінің құрылысы бойынша жұмсалмақ. Автожолдарды орташа жөндеу бойынша үнемделген қаржы  137,8 миллион теңге болды. Ал, 170 миллион теңге «жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде аумақты абаттандыру және инженерлік желілерді іске қосу мен спорт кешендері нысандарын салу бойынша пайдаланылмаған несиелер.

Депутаттық корпуспен 2021 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде бірқатар мәселелер көтерілді. Бұл қаланы  абаттандыру және көгалдандыру, кәріздерді тазарту мен аула жолдарын жөндеуге ақша қаражатын бөлу және қоқыс үйінділерін кәдеге жаратуға бағытталған.

Марина ПЛАТОНОВА, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Маған рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс шығару  бойынша шығыс бөлігінің 3 миллион теңгеге азаюын түсіндіріңіз. Өздеріңіз білетіндей, қоқыс полигондары сол күйінде қалып отыр. Неліктен шығын бөлігі азайтылды?

Мақсұт ҚОЖАНОВ, Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары:

-Біздің ауданға 30 миллион теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша 3 миллион теңгесі үнемделген. Ал, қолда бар қаражат шеңберінде мердігерлер едәуір  жеңілдік жасады. Рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылуда. Бұл жұмыс жалғасуда.

Тұрақты комиссия отырысында көтерілген барлық өзекті мәселелер Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаралатын болады.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...