БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

14:09, 15 ақпан 2021

Саран қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 30-дан астам адам қайта даярлау курстарында білімдерін жетілдіреді. Сондай-ақ, қаладағы 15 жұмыс орнына мамандар қажет. Бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, осылайша жұмыссыздар санын азайтып, еңбек нарығын дамытуға мол мүмкіндік береді, - дейді

Самат Саржан Саран қаласындағы техникалық колледждің түлегі. Қолына дипломын алғаннан кейін бірден Саран қаласындағы жұмыспен қамту орталығына тіркелген. Көп ұзамай компанияға дайын өнімнің сапасын бақылау бөліміне жұмысқа орналасады. Қазір тұрақты жалақысын алады, барлығы көңілімнен шығады, - дейді жас маман.

Самат САРЖАН,  компания маманы:

- Мен оқу бітіргеннен кейін жұмыс іздей бастадым. Сөйтіп жұмыспен қамту орталығына келдім. Ол жерде мен «Qaz Tehna» компаниясына жұмысқа жолдама алдым. Барлығы ұнайды.Елімізде жастарды жұмыспен қамтуға жасалған осындай жағдайға ризашылығымды білдіремін.

Мемлкеттік бағдарлама Саран қаласында негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде. Олар оқыту мен жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамти отырып, еңбек нарығын дамыту. Мамандардың айтуынша, осы жылы қажетті мамандықтар бойынша 30-дан астам адамды қайта даярлау курстарына жіберу жоспарланып отыр. Ал, өз кәсібін ашамын деген жастарға 10 грант беру ойластырылуда.

Еркін БАУЛЫҚОВ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы:

- «Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы» аясында біздің Саран қаласы жұмыстарын бастап кетті. Көрсетілген 3 бағыт бойынша жұмыстар әзірленуде. Жастар машықтануына жоғары және орта оқу орындарының 35 түлегі жіберілетін болады.

Қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдарында 15 мамандық бойынша кадрқажет екені белгілі болды. Қоғамдық жұмыстарға 200-ден астам адам тартылып отыр.

Жанат ТҰРСЫНӘЛИЕВА,Саран қалалық гуманитарлық колледжі директорының орынбасары:

- Бүгін жаңа мамандықтардың ашылуына байланысты дайындық жұмыстарын бастауда. Бұл техникалық мамандықтар, резеңке техникалық өндірісі, «шина өндірісі» Педагогикалық қолданбалы бакалавр, қазақ және шет тілдері мұғалімі, дене тәрбиесі мұғалімі. Сондай-ақ, бастауыш білім беру мұғалімі мамандығы бойынша дайындаймыз. Сондай-ақ, «ҚазТехна» ЖШС, «Сары-Арқа» компаниясы Ютенг әлеуметтік серіктестерімен тығыз байланыстамыз.

Жәрмеңкеге қаланың 15 жұмыс берушісі тиімді ұсыныстарын білдірді.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...