ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

12:48, 3 желтоқсан 2021

Қарағандыда белгілі кинорежиссер Ақан Сатаевтың «Боксер» фильмінің тұсаукесері өтті. Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау орталығының» ұсынсымен SATAIFILM компаниясы түсірген. Спорттық драма Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің өмірбаянына негізделген

Былғары қолғаптың һас шебері, Лондон Олимпиадасында 7-алтынды қоржынға салған Серік Сәпиев туралы көркем туындының прьемерасы алдымен Алматы қаласында өтті. Кейін бірден боксшының туған өлкесі Абай қаласында көрсетілді. Дәл осы күні фильм тұсаукесері облыс орталығы Қарағандыда жалғасын тапты. Шығармашылық топты өнерсүйер қауым қызыл кілеммен салтанатты түрде қарсы алды.

Прьемерадан бұрын түсірілім тобы журналистермен баспасөз конференциясында жүздесті. Айта кетейік, фильмдегі басты рөлді жас актер-дебютант Смадияр Сабыров сомдады. Ал, спортшының жаттықтырушысы  Александр Стрельниковтың рөлін Игорь Ермашов есімді әртіс ойнады.  Сонымен қатар Бақтияр Қожа,  Ирина Ажмухамедова, Зухра Сайли, Динара Сәтжан, Арман Қоңыр сынды танымал актерлер фильмде бой көрсетеді.

Смадиар САБЫРОВ,   С.Сәпиевтің рөлін сомдаған актер:

- Спорт жағынан да өте қиын болды. Өйткені мен өзім оңақаймын. Серік Сәпиев солақай. Түсірілім барысында солақайға  өзгертіп,  жылдамдықты  арттыру керек болды. Фильмге дайындалу барысында  Серіктің өзіндік ұрыс тәсілдерін, техникасын үйретті. Дайындық өте қатты болды, күн сайын 3 мезгіл  үздіксіз жаттығу жасадық.      Жұдырықтасу  түсірілімдері кейде 5-6 сағатқа дейін созылатын. Одан басқа актерлік жұмысты қарағанда, бірінші күннен бастап мен бұрын ойламағанмын, киноға түсу оңай деп. Бірақ актерлық шеберлік қарағанда оңай деп айта алмаймын.

Игорь ЕРМАШОВ,     актер:

Мен  өз рөліме дайындалу барысында алдымен Серік Сәпиев туралы зерттей бастадым. Өмір жолына үңілдім. Сол кезде түсінгенім фильм  желісі өте қызықты болатынына сенімді болдым. Әрине өзім сомдайтын Александр Стрельников жайында да көп мағлұмат жинадым.   Ол кісімен жүздестім. Оның әрбір іс-қимылы, бапкер ретіндегі әдіс-тәсілдерін мұқият қарап шықтым. Ол кісімен ұзақ әңгімелестім. Бапкердің  образын аша алдым деген ойдамын.

Шынайы оқиғаға негізделген туындыда Серік Сәпиевтің балалық шағы,  отбасылық өмірі, бокс спортына келуі жайында баяндалады. Сонымен қатар спорттық мансабында жүріп өткен қиыншылықтары да фильм картинасында көрсетіледі. Әсіресе Олимпиадаға дайындалудағы қажырлы еңбегін көрерменге әсерлі етіп жеткізуге тырысқан. Алайда, фильм рингтегі тер мен қан туралы ғана емес, кейіпкердің басынан өткен драма мен махаббатты да негізге алады.

Серік СӘПИЕВ,  Олимпиада  чемпионы,  ҚР бокс бойынша еңбек сіңірген  спорт шебері:

–  Боксер фильмінің түсіру идеясы  2012 жылы менің Олимпиада ойындарындағы жеңісімнен кейін туындады. Әрине біздің аңыз болып қалатын мықты спортшылар бар. Мысалы  Жақсылық Үшкемпіров,  Бекзат Саттарханов,  Денис Тен және де басқа да олимпиада ойындары мен әлемдік байрақты бәсекелерде топ жарып жүрген спортшыларымыз бар.  Осы спортшылармызға да фильм арналса артық болмайды деген ойдамын.  Фильмге дайындық барысында Ақан Сатаевпен, сценаристермен бірнеше рет кездестім. Мен биографиямды айтып бердім. Шығармашылық топ   өмірбаяным арқылы, көркем шығармашылық туындыға айналдыра алды.

Биографиялық   туындының тұсаукесеріне жиналғандар фильмді бір деммен көріп шықты. Прьемерадан соң көрермен ыстық ықыласын жаудырып, алған әсерлерімен де бөлісті. Облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов шығармашылық топтың еңбегін жоғары бағалап,  жылы лебізін білдірі.     

Абзал НҮКЕНОВ,  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Лондондағы жеңісін Серік Сәпиевтің фильмде өте әсерлі көрсетті, Пекиндегі сәтсіздіктен кейін Серіктен жеңіс күттік. Сол жеңісті ол алып берді бізге. Елімізді, халқымызды жақсы қуантты. Актер тамаша ойнап шықты.  Ойыны, боксты көрсетуі, әртүрлі соққыларды жасауы, барлығы кәсіби боксер, менің ойымша.

Сарыжайлау кинотеатрының ұжымы  өнер ұжымына құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар табыстады. Аталмыш фильмді енді қаламыздың барлық кинотеатрларынан тамашалауға болады.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...