БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

15:47, 12 қараша 2019

Қарағандыда алғаш рет ұйқы безіндегі артық ет лапароскопия тәсілімен алынды. Бірегей операция елімізде үшінші рет жасалынып отыр. Күрделі операцияны медициналық университеттің хирург мамандары өткізді

Күрделі операция медициналық университеттің клиникасында жасалынды. Айта кету керек, заманауи жабдықталған жаңа клиника биыл іске қосылған. Қазір емдеу мекемесі  Пришахтинск  тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіп отыр. 32 жасар Динара Вычужинаның  екі жыл бойы асқазаны ауырған. Медициналық тексерістен кейін ұйқы безінде ісік бар екендігі анықталған еді. Нәтижесінде  лапароскопиялық операция жасалынып,  дәрігерлердің қарауында бір апта уақыт болған. Қазір үйіне қайтуға дайындалып жатыр. Жас ананы үйінде жұбайымен екі баласы күтіп, отыр.

Динара ВЫЧУЖИНА, қала тұрғыны:

-Лакорскопиялық операция тиімді. Тіліктер аз болады. Жазылуы жылдам. Ашық әдіспен жасалды. Біраз қиындықтар болды. Ол, көк бауырға жақын орналасқан. Өсіп кетсе, көк бауырды алып тастайма деп қорықтым. Құдайға шүкір бәрі сәтті аяқталды.

Лапароскопиялық тәсілмен өтетін операция -ұжымдық жұмыс ,-дейді хирург Нұрқасы Абатов. Мұндай күрделі операциялар  бірнеше білікті маманның қатысуымен өтеді. Сонымен қатар лапароскопиялық операцияларға бір рет қолданатын құралдар қажет. Яғни,заманауи қажетті хирургиялық құралдар мұндай операциялардың қымбатқа әкеліп соғатынын білдіреді.

Нұрқасы АБАТОВ, ҚММУ-нің профессоры:

- Бұл өте күрделі операция, операция екі сағат сегіз минуттың ішінде жасалды. Операцияның  алдында көкталақты аламызба деген ой болды, өйткені көбіне ұйқы бездің ісіктері көкталақтың тамырына өсіп кететі де алуға қиын болады. Дегенмен біз тамырларды орнында қалдыруға тырысып, ақырындап тамырлардан әрі қарай итеріп бөлдік көкталақты алған жоқпыз.

Жаңа клиника хирургия мен терапиялық бағытта жұмыс істейді.  Сонымен қатар, мұнда тіркелген халық міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен сапалы медициналық көмек  алып отыр. Мұнда кардиолог, уролог, невропотлог, травматолог мамандары қызмет көрсетеді. Стационарлық бөлім  60 адам қабылдауға қауқарлы. Жақында клиника базасында травматологиялық пункт пен диагностикалық бөлім ашылып, пайдалнауға берілген.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар