БІР АУЫЛДА 30 АДАМ НАУҚАСТАНҒАН

15:54, 6 сәуір 2021

Қарағанды облысындағы шалғай ауылдардың бірінде коронавирус өршіп жатыр. Ұлытау ауданына қарасты аядай ғана Алғабас ауылында бір аптада отыздан астам адам коронавирус жұқтырған

Ұлытау ауданы орталығынан  90 шақырым қашықтықта орналасқан Алғабас ауылында барлығы 250 адам тұрады. Соның, соңғы бір аптаның ішінде 34 адамынан COVID-19 анықталған. Науқастар Жезқазған және Сәтпаев қалалардағы жұқпалы аурулар ауруханаларына жатқызылыпты. Санитарлық пост құрылды, мектеп оқушылары 18 сәуірге дейін қашықтықтан оқытуға жіберілді.

Жалпы, Қазақстанда өткен тәулікте 1809 адамнан коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның 90-ы Қарағанды облысында тіркелсе, 76 адам сауығып шыққан.   Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын салдырған қазақстандықтар саны 194 706 адамды құрайды. Ал еліміздің 72 110 тұрғыны екінші дозаны алып үлгерген.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...