БІЛІМ БЕРУ - БАСТЫ НАЗАРДА

17:28, 18 қыркүйек 2019

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары кезекті 41 сессияда бас қосты. Халық қалаулылары білім беру орындарының жаңа оқу жылына дайындығын, сондай – ақ маңызды саладағы кемшін тұстарды талқылады. Ел ертеңіне кепілдік болар саналы ұрпақ тәрбиесі аймақта тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр ма?

Білім беру саласының дамуына халық қалаулылары жіті мән беретіні бәрімізге белгілі. Өзекті сауал олардың кезекті сессияда тағы бір мәрте сүзгіден өтті. Алқалы басқосу кейбір орта мектептерде баллалардың шамадан тыс болу мәселесін көтеруден басталды. Мәселен Қарағандыдағы№34- ші мектепте оқушылар үш маусымда оқуға мәжбүр. Бүгінде бұл проблема шешімі мынадай жолмен табылды. Яғни, № 3 – ші мектеп гимназиясынан қосымша тағы 3 сынып ашылып, оқушылардың біразы сонда ауыстырылды. 

Ирина ЛЮБАРСКАЯ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-34 мектепте балалар саны шектен тыс көп. Жобалық қуаты 850 адам, ал шын мәнінде 1499 оқушы білім алуда. Мәселені сіздермен тұрақты комиссияның отырысында талқылап, шешім тапқан болатынбыз. 3 пен 4 сынып оқушыларын 9 гимназияға ауыстырдық.

Еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Жанділ Мұхтаров қала басшылығына бірнеше ұсыныстар айтты.  Мәселен, бюджетті нақтылау кезінде мектептерді жаңа жиһазбен, қажетті құралдармен қамтамасыз етуді күшейту қажет.Сондай-ақ күрделі жөндеу алдында жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге ақша қарастыруды назардан тыс қалдырмау кереке. Бұған қоса ол  білім бөлімі мектепке жөндеу жүргізу барысын оның қасбеті мен инженерлік жүйесін қалыпқа келтіруден бастау керектігін атап өтті.

Жанділ МҰХТАРОВ, тұрақты комиссияның төрағасы:

-Білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарын орындау бойынша проблемалық мәселелер - орындалатын жұмыстың сапасына және пайдаланатын құрылыс материалдарының сппасына техникалық қадағалауды жүзеге асырудың жеткіліксіз деңгейі болып табылады. Сондай - ақ жөндеу жүргізуге дайындалған сметаларды сапасыз орындау орын алған.

Түйткілді мәселелерді билікке жеткізу үшін,халық жанашырлары мәселені жан – жақты қарастырды. Әсіресе, ЖБИ елді мекенінде бала – бақша жоқтығы, балалар шағын – орталықтармен ғана қамтылғандығы баса айтылды. Сондықтан, алдағы уақытта балабақша құрылысы да қолға алынуы тиіс – деді депутаттар.

Жанділ МҰХТАРОВ, тұрақты комиссияның төрағасы:

-Мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жеке бала - бақшаларда қазақ тілінде тәрбие беретін топтарды ашу қажеттілігі бар. Мектептердің шамадан тыс жүктелуі байқалады.Бірақ кейбір мектептер бұл жағдайды жасырын түрде жасайды. 7 өтініш келіп түскен мектепте 4, 5сыныптар неге ашылмайды және ол балалардың ата - аналарын басқа оқу орындарына әкетуге мәжбүрлейді. Бұл жағдайды уәкілетті орган тарапынан реттеуді және бақылауды талап етемін.

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары, әріптесі Жанділ Мұхтаровтың айтқан мәселесін бірауыздан қолдады.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар