ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«БЕЙБІТШІЛІК ЖАУЫНГЕРІ» БАЙҚАУЫ

11:23, 22 шілде 2021

Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында «Бейбітшілік жауынгері» армиялық халықаралық ойындарына қатысу үшін әскери қызметшілердің соңғы іріктеуі өтті. Биыл ол Армения елінде өтеді

Іріктеу жарыстары алдымен әскери бөлімдерде, одан кейін өңірлік қолбасшылықтарда және Қарулы Күш құрылымдарында өткізілді. Құрама командаға кіру үшін үздік әскери қызметшілер сайысқа түсті. Сайыстың соңғы  қорытындысы бойынша халықаралық додаға қатысуға 6 адам іріктелді. Жарыс бес кезеңнен тұрады. Онда әскерилер кәсіби шеберлігінен бөлек, шығармашылық қабілеті, құқық саласындағы білімін көрсетеді. Айта кетейік, «Бейбітшілік жауынгері» халықаралық конкурсында қазақстандық команда бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болды. 2018 жылы Арменияда өткен жарыста біздің елдің құрамасы жеңімпаз атанған болатын.

Азамат  СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар