БАЗАР МАҢЫНДАҒЫ ТОҚТАН АДАМ ӨЛДІ

17:34, 10 маусым 2021

Қарағандыда 33 жастағы экспедитор ажал құшты. Медициналық сараптама қорытындысы Ұлан Шәкеновтың ашық тоқ көздерінен қайтыс болғанын растады. Қазір полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады

Енді мұндағы халық жауаптылар уақытылы әрекет етпеді - деп ашынуда.  Дәл осы Горняк дүкенінің маңында екі күн ішінде екі адам өмірін қиған. 6 маусым күні сол жерде көз жұмған 36 жастағы келіншекке дәрігерлер жүрек ауруынан қайтыс болды деген қорытынды шығарыпты. Үлкен базар мен шағын дүкендер орналасқан аумақтан күн сайын мыңдаған адам өтеді. Олардың әрқайсысы осы күнге дейін бастарын қауіп – қатерге тігіп келген.

Жұлдыз, қала тұрғыны:

-Менің құдашам шелекпен су құйғанда, сол жерде насмерть кетті. Неге ол жерде адамдар өліп жатыр? Кеше көп адамдар тоқ соқты деп шағымданды. Мынаны қазғаннан кейін пайда болды.

Қайғылы жағдай орын алған жерде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті билік бұл аумақта ашық жатқан тоқ жоқ екенін мәлімдеді. Кісі өліміне себеп болған электр энергиясы мына шағын дүңгіршекке тиесілі болуы мүмкін. Кәсіпкердің өзі дүкенін жауып тастаған, маңайға аяқ баспапты. Кінәлі кім екені тергеу барысында анықталмақ.

Нұрлан БИКЕНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Қарағанды жарықтың мамандары келіп, мына ашық тұрған тоқтар тоққа қосылмаған деді. Енді мына дүңгіршектен дейді, оның бәрі анықталып жатыр

Қызмет барысында қаза тапқан жас жігіттің артында екі баласы қалды. Марқұмның жақындары кінәлі тарап заң алдында жауап бермейінше, істі соңына дейін жеткіземіз деп оқталып отыр. 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар