ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

БАСТЫ МӘСЕЛЕ БАҚЫЛАУДА

11:39, 13 қазан 2021

Кеншілер шаһарының әлеуметтік–экономикалық даму қорытындылары қандай деңгейде? Автобус парктері дизель отынмен қаншалықты қамтамасыз етілген? Осы және басқада мәселелер Қарағанды қалалық әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте қаралды

Қарағанды қаласының 9 айдағы өндірілген өнім көлемі  шамамен 425  миллиард теңгені құрайды. Ал мамандар инвестицияның өсу көрскеткіші 134 миллиард теңге сомасында деп болжап отыр. Ауыл шаруашалығы саласында да өсім бар. Жалпы өнім көлемін жоспарға сәйкес 10 миллиард теңге сомасына жеткізу күтілуде. Бұған қоса құрылыстан құлашын кеңге сермеген қарқын байқалады. Осы жылы 223 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, - дейді жауаптылар.

Айнұр АПАҚАШЕВА, Қарағанды қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы:

-Қарағандыда  43 265 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Есепті кезеңде бөлшек тауар айналымы 655 миллиард 500 миллион теңге деңгейінде болады деп жоспарлануда. Айталық 9 ай ішінде 5 345 адам жұмысқа орналастырылды. Атаулы әлеуметтік көмек 1275 отбасына беріліп, 250,5 миллион теңге төленді.

Аппараттық жиналыста Қарағанды қаласының әкімі автобус парктерін дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

-Автопарктердегі  дизель отынмен қамту жағына байланысты сұрақ шешілді ме? Осы туындаған түйткілді қалай реттедіңіз?  

Әлібек ДҮЙСЕМБЕКОВ, Қарағанды қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

-Мәселе дер кезінде біржақты етілді. Аталған жағдай тұрақты бақылауда. Қазір жоспардағы 352 автобус кесте бойынша жүріп жатыр. Демек бұл 85 пайыз құрайды.

Қала басшысына тұрғындарға көмірді жеткізу жағының парқы пысықталып, барынша баяндалды. Күн сайын теміржол тұйықтарынан 40 вагонга дейін қатты отын тиелетінін айтады, мамандар.

Абзал РАХЫМБАЕВ, Қарағанды қалалық  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Көмір тапшылығы жоқ.Себебі  қазір сұраныс жоғары. Сондықтан барлығы сатып алынады. Қиыршық отын жеткілікті мөлшерде.

Естеріңізге салайық, жыл соңына дейін Қарағандыда үш ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Берекелі шара қазан айының 16 мен 23-і  және алтыншы қараша күні  ұйымдастырылады. Өз кезегінде Қарағанды қаласының  әкімі  жәрмеңкеге  тұрғындарды тасымалдайтын қоғамдық көлікпен  қамтамасыз етуді тапсырды. Басты кезекте жолаушылар көлігінің қозғалысын реттеу қажет, - деді шаһар басшысы.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...