ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

15:43, 11 қазан 2021

Қарағандылық көпбалалы ана баспаналы болды. Бірнеше жыл қатарынан кезекте тұрған жанұяға мемлекет тарапынан көмек көрсетілді

Саягұл Ниязбекова 4 баланың анасы. Осыған дейін ЖБИ шағын ауданында 2 бөлмелі пәтерді жалдап тұрған. Біраз жыл бұрын жолдасынан айырылған. 2005 жылдан бері үй кезегінде тұрған. Ал 2021 жылдың ақпан айынан бастап, Бәйкен Әшімов көшесіндегі 28 үйден пәтер берілді.

Саягүл НИЯЗБЕКОВА, көпбалалы ана:

-Көпбалалы ана кезегінде тұрып алдым. Арендный жилье. Оның ішінде сатып алусыз, жалға берілетін үйлер. Қазір айына 7800 теңге, плюс комуслуга төлеймін. Бұл үйді жекеменшікке түсіре алмаймын. 15 жыл бойы 7800 төлеп тұра береміз. Үйдің іші жылы, ыстық су, лифт барлығы жақсы жұмыс жасап тұр.

Сондай-ақ үй құрылыстарын жүргізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мысалы, оңтүстік ықшам ауданындағы мына үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Үй кезегінде 37 мың адам тұр. Жыл сайын 2-2 жарым мың адамға түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында пәтер кілті табысталады.

Абзал ЖАЙЛЫБАЕВ, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылыс басқармасының басшысы:

-Былтырғы жылы 530 мың кв метр қамтитын тұрғын үйлер бой көтерсе, биыл 400 мың шаршы кв метр көлемінде үй салу жұмыстары басталды. Өткен жылмен салыстырған үй құрылыстары 116 пайызға артып отыр. Жыл соңына дейін 662 мың шаршы метр халық игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.

Алдағы уақытта «орталық қала» бағдарламасы аясында 1 Оңтүстік ықшам ауданы мен Майқұдықтың арасында 1 жарым млн тұрғынға арналған тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар салынады, дейді мамандар.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...