БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛГЕН КҮН

16:26, 2 ақпан 2021

Қайыр қылсаң бүтін қыл. «Харекет» қайырымдылық қоры 409-шы үйдің кілтін табыстады. Мұқтаж жандарға қол созып, баспаналы болуға жәрдем беруді мұрат тұтқан қор өкілдері бұл жолы мүмкіндігі шектеулі жанға баспана сыйлады. Жаңа қоныс иелерінің қуанышына түсілірім тобымыз да ортақтасып қайтты

Бүгін  Бейбіт  Оңғарбаевтың  жылдар бойғы баспаналы болсақ деген арманы орындалды.  Қуанышында шек жоқ.  Айтары тек алғыс.  «Харекет» қайырымдылық  қоры  бұл отбасыға 2 бөлмелі пәтер кілтін табыс етті.

Бейбіт ОҢҒАРБАЕВ, отағасы:

-Қуанып жатырмыз бүгін.   Көп-көп рахмет дейміз,  көп табыс тілеймін.  Өзімнің көзімде көрмейді, 1 группамын, полигоннан болған. 

Бейбіт Оңғарбаев  3 баланың әкесі.  Бала күнінен қос жанарынан айырылған  отағасының осыдан 9 жыл  бұрын қос бүйрегі де  істен шыққан.  Алайда ол тағдырдың талайлы сынағына сынбады, жігері мұқалмады.  Жары Аяжан екеуі  бар ауыртпашылықты бірге бөлісіп келеді. 9 жылдан бері отбасымен пәтерден-пәтерге көшіп күнелткен. ОҢҒАРБАЕВ отбасы қор өкілдеріне  осыдан тура бір жыл бұрын жүгінген.  Алайда елдегі ахуалға байланысты баспана кілтін беру биылға шегерілген.   Қоныс иелерінің  қор өкілдері де құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Ақтоты  ЖҮНІСОВА, «Харекет» қайырымдылық қорының Қарағанды қаласы филалының директоры:

-Биыл Қасым-Жомарт Кемелұлының  жаңа саяси бағдарламасындағы ішіндегі тармағында  қайырымыдылықты көбейту және де  соған жәрдем беру, оны бағыттау бағдарламасына байланысты. Соған сүйене отырып министрлікке барып  қазіргі таңда жер сұрадық.  Жерді Сәтбаев қаласынан алдық.  Тегін.  Қарағанды қаласынан, 14 облыстан алмақшымыз.  Алла бұйыртса баспана саламыз деген ойдамыз.

Аталмыш қайырымдылық  қоры ел алғысын алып жатқанына 4 жылға қадам басты.  Осы уақыт аралығаында еліміз бойынша 400-ден астам мұқтаж жандарға  үй кілті сыйланды. Ал кеншілер шаһарында баспана бақытына кенелгендер саны 40-тан асып жығылады.  Еліміз бойынша биыл 600-ге жетеді деген жоспар бар. Көмекке қол  ұшын созуға ниетті жандар үшін қаладағы  түрлі нысандарда  200-ден астам қайырымдылық жәшіктері де орнатылған.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...