ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

БАСПАНА БАҚЫТЫ

12:10, 8 қазан 2021

49 жезқазғандық отбасы баспаналы болды. Көпбалалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтарға жалға берілетін пәтер кілті табысталды. Бұл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жемісі

Карантинге байланысты Жезқазған әкімдігі пәтер иелеріне кілтті салтанатты табыстау рәсімін үш бөліп өткізді. Талап сондай. Десе де бұл шектеулер жиналғандардың қуанышын еш сейілтпеді. Көбі осы күнді жылдар бойы аңсаған. 

Қайрат ӘБСАТТАРОВ, Жезқазған қаласының әкімі:

-Бізде 2000-нан астам азамат кезекте тұрды пәтер алуға. Біз осылай жылдан жылға осы проблеманы шешетін боламыз. Бұның барлығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында беріліп отырған пәтерлер. Біздің барлығымыз да қол жеткізген жетістігіміз.  Соңғы жылдары Жезқазған қаласында пәтер салу қарқыны көбейіп жатыр. Осы үрдіс әрі қарай жалғаса береді.

Бұл жолы 49 отбасының жолы болды. Олар көпбалалы және аз қамтылғандар санатындағы жандар.

Жансейіт Қаратаев 6 баланың әкесі, 2-ші топтағы мүгедек. Тұрғын үй кезегінде 7 жыл тұрған. Енді табысының көп бөлігі пәтер жалдауға кетпейтініне қуанышты. Жаңа баспанасы мемлекеттен жалға берілсе де, ақысы бар болғаны 15 мың теңгеге жуықтайды. 

Жансейіт ҚАРАТАЕВ, көпбалалы әке:

-Қуанышты күн. Пәтерлі болып жатырмыз. Осындай қуаныш ұзағынан болсын. Мемлекеттен, әкім Қайрат Бектайұлына (Алла разы болсын дегенді қиып таста!!!!) үлкен рақмет. Мемлекетімізден осындай көптеген үйлер салынып, кезекте тұрғандар барлығы пәтерлі болып. Осындай үйлер беріле берсін!

Басында енді панасының барына - үлкен әулеттің отанасы да сенер-сенбес. «Күміс алқа» иесі әсіресе, өзінің кең, жаңа, жарық асүйін көріп, риза.

Назира ҚАРАТАЕВА, көпбалалы ана:

-Мынау менің асүйім. Мен неше жыл осыны күтіп, жалдап тұрып. Өзіме кухонный гарнитурымды жоспарлап, ойланып жатырмын. Рақмет, осылай көпбалалы аналарды, семьяларды мемлекетіміз қолдап жатқан.

Жезқазған қаласында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында жүзеге асырылып жатқан игі бастамалар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жыл басынан бері мысты шаһарда  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 81 отбасы қоныс тойын тойласа, жыл соңына дейін кезекте тұрған 90 азаматқа пәтер кілті табыс етілмек. Олардың 28-і жетім балалар. Айтпақшы, қала басшылығы тарапынан көпбалалы аналарға қолдау ерекше. Олардың тезірек баспаналы болуы үшін осымен үшінші жыл арнайы кезек құрылған.

Айзада ТҰРСЫНБЕКОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...