ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

15:44, 21 шілде 2021

Өткен жылдың қаңтар айының басында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң күшіне енді. Бұл туралы Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов айтып берді

Халыққа қызмет көрсету мекемелеріндегі ашықтықтың жоқтығы. Міне, осы секілді мәселелер басқару жүйесінің кейбір тұстарын өзгертуге түрткі болыпты. Бұл пәтер иелері кооперативіне қатысты әңгіме. Жауаптылардың сөзінше тұрғындардың оларға деген сенімі азайған.

Ұлантай ҮСЕНОВ, энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

-Тұрғындар алдындағы міндеттерін орындамау және қызметі туралы есеп бермеу, пәтер иелерімен кері байланыстың болмауы; тұрғындардың жалпы жиналысының келісімінсіз кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басып алу және сату (жалға беру). Бұл ақпаратты тұрғындар үшін жасыру. Бұл қаражатты осы КПТҮ ұстауға пайдаланбау; тұрғындардың көппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсету сапасына қанағаттанбауы. Басқару органдарының ашық және ашық жұмыс істегісі келмеуі.

Тұрғындар пәтер иелері кооперативінің орнына мүлік иелері бірлестігіне ауысуға болады. Яғни, баспана иелері өздері тұрғын-үйді басқарады. Бастысы бәрі ашық. Бір үй-бір есепшот қағидасы бойынша жұмыс істейді.

Ұлантай ҮСЕНОВ, энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

-Жиналыс осы өкілеттіктерді берген жағдайда, үй кеңесі көп пәтерлі тұрғын үйдің басқарушысын немесе басқарушы компанияны таңдау туралы, күнтізбелік бір жыл мерзімге кондоминиум объектісін басқару жөнінде қызметтер көрсетуге шарт жасасу туралы, сондай-ақ оны өзгерту немесе бұзу туралы шешім қабылдайды.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысы бойынша басқармалардың 300-ден астам жаңа нысандары тіркеліп, құрылды.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар